Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын

реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан

Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 21 желтоқсан N 1305



Осы редакция ҚР Үкіметінің 23.07.03 Ж. N 732 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі жөніндегі ұзақ мерзімді басымдықты жүзеге асыру, мемлекеттік органдар, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері және кәсіподақтар арасындағы әлеуметтік- экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестіктегі өзара байланыстар мен ынтымақтастықты күшейту үшін диалогтың ықтимал барлық нысанын көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып мыналар тағайындалсын:

 Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
 Бауыржан Әлiмұлы Министрiнiң орынбасары, төраға
 Аймақов - Қазақстан Республикасының Экономика
 Бауыржан Жаңабекұлы және сауда вице-министрi
 Шамсутдинов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
 Ринат Шарафутдинович вице-министрi
 Қарақұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
 Гүлжан Жанпейісқызы халықты әлеуметтік қорғау министрі
 Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы
 Наталья Артемовна вице-министрі
 Рябченко - Қазақстан Республикасының
 Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
 келiсiм бірінші вице-министрi
 Нефедов - Қазақстан Республикасының
 Петр Петрович Энергетика, индустрия және сауда
 вице-министрі
 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.25. N 1784
 қаулысымен.
 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24.N 119
 қаулысымен.
 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.26 .N 1594
 қаулысымен.
 Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.05. N 187 қаулысымен.
 Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1679 қаулысымен.
 Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.10. N 411 қаулысымен.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.

 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 Қазақстан Республикасының
 Премьер-Министрі
 Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 1998 жылғы 21 желтоқсандағы
 N 1305 қаулысына
 қосымша
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
 кейбір шешімдерінің тізбесі

1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерін тағайындау туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 545-құжат).

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы" 1996 жылғы 30 қыркүйектегі N 1194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 39, 373-құжат).

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1512 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 492-құжат).

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1997 жылғы 12 тамыздағы N 1253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 353-құжат).

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 9 қаңтардағы N 3 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 4-құжат).

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!