Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі
оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы
(ҚР Президентінің 15.07.99 ж. N 171; 30.12.99 ж. N 320; 04.02.00 ж. N
331; 12.10.00 ж. N 471; 20.12.00 ж. N 517; 22.01.01 ж. N 536; 31.01.01
ж. N 544;09.07.01 ж. N 653; 13.11.01 ж. N 720; 21.03.02 ж. N 825;
05.08.02 ж. N 916; 29.08.02 ж. N 939; 10.12.02 ж. N 992
Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Президентінің 2003 ж. 28 наурыздағы N 1050 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 15.07.99 ж. N 171 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Республикалық бюджет есебінен қамтылған мемлекеттік органдардың штат саны 1-3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдардың босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер беріледі деп белгіленсін.
3. Қосымшаларда аталған мемлекеттік органдар өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29
Жарлығына
1-қосымша
ҚР Президентінің 04.02.00 ж. N 331; 12.10.00 ж. N 471; 20.12.00 ж. N 517; 31.01.01 ж. N 544; 13.11.01 ж. N 720; 21.03.02 ж. N 825; 05.08.02 ж. N 916; 29.08.02 ж. N 939; 10.12.02 ж. N 992 Жарлықтарымен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының республикалық бюджет есебінен
қамтылған жекелеген мемлекеттік органдарының штат саны
| Саны Барлығы |
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараты | 357 |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты | 331 6 |
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы | 149 |
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты | 22 |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты | 31 |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы | 29 |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты | 131 |
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі | 31 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі соның ішінде аумақтық органдар | 164 120 |
Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық | 14 |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы
22 қаңтардағы N 29
Жарлығына
2-қосымша
ҚР Президентінің 30.12.99 ж. N 320; 09.07.01 ж. N 653 Жарлықтарымен 2-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Прокуратурасының
Штат саны
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы | 5474 |
соның ішінде: | |
Бас прокуратура | 260 |
Прокуратура органдары | 4573 |
Қазақстан Республикасы Прокуратурасының қарауындағы мемлекеттік мекемелер | |
Құқықтық статистика және ақпарат орталығы | 641 |
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы
22 қаңтардағы N 29 Жарлығына
N 3-қосымша
ҚР Президентінің 15.07.99 ж. N 171; 12.10.00 ж. N 471; 22.01.01 ж. N 536; Жарлықтарымен 3-қосымша өзгертілді. ҚР Президентінің 21.03.02 ж. N 825 Жарлығымен 3-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитеттiң штат саны лимитi
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет Облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы әкiмшiлер | 64 1445 |
Қазақстан Республикасының соттарының штат саны лимитi