Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi

комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi

орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 маусым

N 906

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi Кәсiпорынға қатысты уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi түрi жылжымайтын мүлiктi және онымен мәмiлелердi және жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiркелкiлiк, техникалық және құндылық сипаттарын, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзуге байланысты өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;

 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi";

реттiк нөмiрi 393-407-жолдардағы "Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiк" деген сөздер "Тiркеу қызметi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

 мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 407-1-жолмен толықтырылсын:
 "407-1 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
 Тiркеу қызметi комитетiнiң
 Ақмола облысы бойынша
 жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
 республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны
 (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) Көкшетау қаласы"

2) "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 44, 387-құжат):

1-тармақтағы "Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздер "Тiркеу қызметi комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 маусымдағы N 771 қаулысына:

 көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың
тiзiмi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!