Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Ұлттық

ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" республикалық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 мамыр N 766

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына, "Дене тәрбиесi және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Ұлттық орталық) құрылсын.

2. Ұлттық орталықты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi қызметiн жүзеге асыратын орган болып, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi анықталсын.

3. Ұлттық орталық қызметiнiң негізгi мәнi:

1) балалар мен жастардың дене тәрбиесi жөнiндегi ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етуге мақсатты кешендiк бағдарламалар әзiрлеуге қатысу;

2) спорт түрлерi бойынша республиканың спорттық резервiн даярлауға және жасөспiрiмдер мен студенттiк құрама командаларын жасақтауға қатысу;

3) спорт түрлерi бойынша республика құрама командасының мүшелерiне педагогикалық, психологиялық және дәрігерлiк-биологиялық көмек көрсету;

4) дене тәрбиесi жөнiндегi педагог кадрларды қайта даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға қатысу болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:

1) Ұлттық орталықтың жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi білiм, ғылым және дене тәрбиесi ұйымдарының желiлерiн және құрылымдарын оңтайландыруды жүргiзуден түскен қаражат есебiнен аймақтық дене тәрбиесi орталықтарын құру мәселесiн қарастырсын.

6. Алматы қаласының әкiмi белгiленген тәртіппен Ұлттық орталықты орналастыруға арналған үй-жай бөлсiн.

7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар тiзбесiнің "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгі" бөлiмi, 470-140 реттiк саны, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"470-140
" Ұлттық ғылыми-практикалық
дене тәрбиесi орталығы"
қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы";

2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi, реттiк саны 157-6, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"157-6. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы".

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі











Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!