Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын

бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 27 маусымдағы N 959 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 14 сәуірдегі N 357 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылдың 20 шілдесіндегі және "Лицензиялау туралы" 1995 жылдың 17 сәуіріндегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша осы қаулы күшіне енген сәттен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің депозитіне кеден ережелерін бұзу объектілері болып табылатын кеден төлемдері мен салықтарды, тауарлар мен көлік құралдарының құнын төлеуді қамтамасыз ету сомаларын енгізудің, оларды өндіріп алу мен қайтарудың ережесін айқындасын;

бір айлық мерзімде кеден брокерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдер осы қаулыға сәйкес келтірілсін.

3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 27 маусымдағы N 959 қаулысымен

бекітілген

Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын

біліктілік талаптары

1. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін заңды тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:

1) штатта белгіленген тәртіппен біліктілік аттестатын алған, кедендік ресімдеу жөніндегі маманның болуы;

2) кеден брокері ретіндегі қызметті іске асыруға мүмкіндік беретін жеткілікті материалды-техникалық жарақтардың, оның ішінде, Қазақстан Республикасының кеден органдары пайдаланатын ақпаратты автоматтандырылған түрде өңдеу құралдарымен және бағдарламалық өнімдермен сәйкес келетін ақпаратты-автоматтандырылған түрде өңдеу құралдарының және бағдарламалық өнімдердің болуы;

3) кедендік бақылауға жататын тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды дәл және толық көрсететін, есеп жүргізу мен есеп беруді қамтамасыз ететін жағдайлардың болуы;

4) уәкілетті банктің кепілдік беруі жолымен немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі Қазақстан Республикасы кеден органының депозиттік шотына олар енгізілген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 200 000 АҚШ доллары сомасына баламалы мөлшерде Қазақстан Республикасының валютасында да және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағасын белгілейтін шетелдік валютада да ақша енгізу арқылы жүзеге асырылатын кедендік төлемдер мен салықтардың, сондай-ақ, кедендік ережелерді бұзу объектілері болып табылатын кедендік төлемдердің мерзімі өткізіліп төленген немесе кейінге қалдырылған төлемдердің пайыздары, тауарлар мен көлік құралдарының құны мен айыппұлдардың және кедендік төлемдердің мерзімі өткізіліп төленгені үшін өсімдердің төленуін қамтамасыз ету.

Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.17. N 1724 қаулысымен.

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!