Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың 2000-2003

жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі N 1347 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 16.03.01 ж. N 353 қаулысымен

енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 462 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2003 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 5 қыркүйектегі

N 1347 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия

және сауда министрлігі

Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің

"Экономикалық зерттеулер институты" РМК

Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін

дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған

Бағдарламасы

 Ескерту. Бағдарлама өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.16. N 353
 қаулысымен.

Паспорты

 Атауы Қазақстан Республикасының машина жасау
 кешенін дамытудың 2000-2003 жылдарға
 арналған бағдарламасы
 Бағдарламаны "Қазақстан Республикасы Президентінің
 әзірлеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
 9 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде
 айтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі
 іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы"
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
 6 наурыздағы N 367 қаулысы
 Негізгі Қазақстан Республикасының Энергетика,
 әзірлеушілер индустрия және сауда министрлігі,
 Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің
 "Экономикалық зерттеулер институты" РМК,
 "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық
 орталығы" РМКК, Қазақстан Республикасы
 Энергетика, индустрия және сауда
 министрлігінің "Машина жасауды болжау
 жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы" РМКК
 және Қазақстан Республикасы Білім және
 ғылым министрлігінің "Қазақстан
 Республикасының Аграрлық зерттеулер ұлттық
 академиялық орталығы" РМКК
 Бағдарламаның Ішкі өндірісті кеңейту және өндірістік-
 мақсаты техникалық мақсаттағы бәсекеге қабілетті
 өнімдер шығару, ел экономикасын қажетті
 машиналармен, жабдықтармен және қосалқы
 бөлшектермен, кепілдендірілген және
 кепілденгеннен кейінгі сервистік қызмет
 көрсетумен қамтамасыз ету, импортты
 алмастыру және экспорттың мүмкіндіктерін
 арттыру
 Бағдарламаның Бағдарламаның мақсатына сәйкес мынадай
 міндеттері міндеттерді:
 - өндірістің базалық салаларының қажетіне,
 оларға қажетті өнімдердің номенклатурасын
 игерудің техникалық экономикалық
 орындылығына талдау жасаудың негізінде
 республикада машина жасаудың дамуын
 болжауды;
 - басымдықты салалар үшін машина жасау
 өнімдерін шығару жөніндегі технологиялық
 тізбектердің кешенін құруды;
 - машина жасау ұйымдарын (бұдан әрі - машина
 жасау кәсіпорындары) диверсификациялауды
 және қайта бейіндеуді;
 - Бағдарламаны ғылыми, ғылыми-техникалық
 және кадрмен қамтамасыз етуді;
 - машина жасау жөніндегі ақпараттық орта
 қалыптастыруды;
 - машина жасау өнімдерін тұтыну мен
 өткізудің маркетингін;
 - отандық тауар өндірушілерді қорғауды
 қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық
 базаны жетілдіруді;
 - шетелдік және отындық инвесторларды
 тартуды шешу көзделіп отыр.
 Бағдарламаның - машина жасауды дамытудың қаржы-несиелік
 негізгі және инвестициялық қолдау;
 іс-шаралары - машина жасауды дамытуды инновациялық
 қолдау;
 - мақсатты республикалық, аймақтық,
 салааралық, салалық, ғылыми-техникалық
 бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу;
 - машина жасауды нормативтік-құқықтық
 қамтамасыз ету;
 - машина жасау кешенінің инфрақұрылымын
 дамыту;
 - ұлттық машина жасаудың ТМД елдері
 экономикасына және әлемдік шаруашылық
 байланыстар жүйесіне ықпалдасуы.
 Қаржыландыру Несиелік ресурстар, кәсіпорындардың өз
 көздері қаражаттары, шетелдік капитал
 Іске асыру Бағдарламаны іске асыру 2000-2003 жылдар
 кезеңіне белгіленген

Кiрiспе

Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 9 ақпандағы кеңейтiлген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау жөнiндегi iс-шаралардың жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы наурыздағы N 367 қаулысына сәйкес әзiрлендi.

Республиканың машина жасау кәсiпорындарының жұмысы үшiн қолайлы жағдай жасау бөлiгiнде Жаңа өнеркәсiптiк саясатты iс жүзiнде iске асыру Бағдарламаны әзiрлеу үшiн уәждеме болды.

Бағдарламаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму стратегиясында белгiленген елдiң экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдiк басымдылықтары, сондай-ақ "1999-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк өнеркәсiптiк саясаттың негiзгi бағыттары" мен "Ауыл шаруашылығы өндiрiсi мен онымен аралас салаларды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарында белгiленген өнеркәсiптiк саясаттың негiзгi мiндеттерi ескерiлдi.

Бағдарлама машина жасау кешенiн республиканың өзiнiң техникалық және пайдалану көрсетілімдерi бойынша ең үздiк шетелдiк баламдардан қалыспайтын жоғары технологиялық техникаға қажетiнiң кемiнде 60-70%-ын қамтамасыз ететiн өнеркәсiптiң жетекшi көп салалы секторына айналдырудың және қатаң нарықтық жағдайда бәсекелестiк қабiлеттi өнiмдердi басымдықпен шығару арқылы Қазақстанның машина жасауын сауда-экономикалық байланыстардың әлемдiк шаруашылықтық жүйесiне ықпалдастырудың ұзақ мерзiмдi стратегиясының (15-20 жыл) бiрiншi кезеңi ретiнде әзiрлендi.

Бағдарламаны, бiрiншiден, құлдырауды жеңудiң, өндiрiс көлемдерi мен өнiмдердi сатуды арттырудың, оның сапалық деңгейi мен бәсекелестiк қабiлеттілігiн көтерудiң есебiнен жұмыс iстеп тұрған машина жасау кәсiпорындарының жұмысын тұрақтандыру және жеделдетiлген дамыту Бағдарламасы ретiнде, екiншiден, машиналар мен жабдықтардың кейбiр принциптi жаңа түрлерiн республикада әзiрленген, өнеркәсiптiк игеруi аталған Бағдарлама мерзiмдерiнiң аяқталуынан тыс шамаланып отырған басқа да өнiмдердi игерудiң (жобалау-конструкторлық әзiрлеу мен тәжiрибелiк шығару сатысындағы) бастапқы кезеңiнiң Бағдарламасы ретiнде қарастырған жөн.

1. Қазақстанның машина жасау кешенiнiң жалпы

сипаттамасы мен қазiргi жағдайы

КСРО халық шаруашылығы кешенiнiң құрамында Қазақстанға негiзiнен iрi өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылығы шикiзатын өндiрушi рөлi бөлiнген болатын. Машина жасауды дамытуға тиiстi көңiл бөлiнбедi - республиканың машина жасау өнiмдерiне қажеттi негiзiнен Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан және Одақтың басқа да аймақтарынан әкелудiң есебiнен қамтамасыз етiлiп отырды. Сонымен бiрге, қазақстандық заводтардың өнiмдерi, ең алдымен металл өңдеу, жинақтаушы және т.б. бұйымдар түпкiлiктi өнiмдi шығаратын және республикадан тысқары жерлердегі заводтарға берiлдi.

Одақ ыдырағаннан кейiн шаруашылық байланыстардың бұзылуы және дағдарыстық құбылыстардың артуы жағдайында Қазақстанның машина жасау кешенiнiң дамуы толық тоқтады.

Машина жасау өндiрiсi қуаттарының қысқаруы, оның жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерiнiң нашарлауы (1-кесте) басталды және әлi күнге дейiн жалғасуда.

 1-кесте
 Машина жасау саласындағы өндiрiстiң нақты көлемiнiң индекстерi
 (1985 жыл = 100%)
 _____________________________________________________________________
Жылдар !1990 ! 1991 ! 1992 ! 1993 ! 1994 ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998!1999
 _____________________________________________________________________
Машина 110,7 113,4 94,9 81,0 50,9 36,8 34,4 25,7 19,8 18,9
жасау
 ______________________________________________________________________
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

Өнеркәсіптің салалық құрылымындағы машина жасау үлесі айтарлықтай өзгерді (2-кесте.).

 2-кесте
 Базалық салалар бойынша өнеркәсіптің құрылымы:
 _____________________________________________________________________
 Жылдар ! Отын- ! Тау-кен ! Машина ! Химия !Жеңіл !Тамақ
 !энерге.!металлур.! жасау, !өнеркәсібі!өнеркәсібі!өнеркәсібі,
 !тикалық!гиялық ! % ! % ! % ! %
 !кешен, !кешені, %! ! ! !
 ! % ! ! ! ! !
 _____________________________________________________________________
 1990 20,5 16,5 15,9 6,5 18,3 22,3
 1995 28,4 26,9 7,3 23,8 2,4 11,2
 1996 46,5 22,5 7,1 3,6 3,3 17,0
 1997 47,7 25,7 5,0 2,1 2,1 17,4
 1998 48,3 26,3 3,7 1,4 1,5 18,8
 1998 50,8 28,1 2,7 1,3 1,7 15,4
 _____________________________________________________________________
 Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

Салада жұмыс істейтіндердің саны, олардың республика өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік өндірістік қызметшілердің жалпы санындағы үлесі айтарлықтай қысқарды (3-кесте).

 3-кесте
 Машина жасау кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік өндірістік
қызметшілердің саны
 _____________________________________________________________________
Көрсеткіштер ! 1990 ! 1991 ! 1992 ! 1993 ! 1994 ! 1995
атауы
 _____________________________________________________________________
Өнеркәсіптік ! 387.2 ! 342.8 ! 326.2 ! 272 ! 234 ! 202.3
өндірістік
қызметшілердің
саны, мың адам
 _____________________________________________________________________
 өткен жылға - 88.5 95.2 83.4 86.0 86.5
 қарағанда
 %-бен
 _____________________________________________________________________
 1990 жылға 100 88.5 84.2 70.2 60.4 52.2
 қарағанда %-бен
 _____________________________________________________________________
 ҚР өнеркәсібі 28.5 24.8 24.1 22.8 20.9 19.7
 ӨӨЖ-ің
 жалпы санына
 %-бен
 _____________________________________________________________________
 таблицаның жалғасы
 ___________________________________
 1996 ! 1997 ! 1998 ! 1999
 ___________________________________
 176.1 139.7 90.2 67.0
 87.0 73.9 64.6 74.2
 45.5 36.1 23.3 17.3
 19.2 17.4 11.9 10.9
 ___________________________________
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

1990 жылғы 3902-ге қарағанда 1999 жылдың ортасына қарай республикада 1862 машина жасау бейiнiндегi кәсiпорын қалды. Қазiргi уақытта барлық машина жасау кәсiпорындарының тек 5,4% - түпкiлiктi өнiмдердi өндiрушiлер, қалғандарының мамандандырылуы - жинақтаушылық бұйымдар, қосалқы бөлшектер, жөндеу қызметтерiн көрсету және т.б. Сала үшiн өндiрiстiң, әсiресе түпкiлiктi өнiмдер бойынша жоғары дәрежеде монополизациялануы тән.

1992-1995 жылдары машина жасау басымдықты салалардың қатарынан шығарылып тасталған едi, бұл кәсiпорындардың негiзгi капиталын инвестициялау проблемасын шиеленiстiре түстi, iс жүзiнде олардың көпшiлiгiн кеңейтiлген ұдайы өндiрiстi, өндiрiстiк қорларды қайта жаңғыртуды және жаңартуды жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айырды (4-кесте)

 4-кесте
 Инвестицияларды негiзгi капиталға ұдайы айналдырудың көлемi мен
 көрсеткiштерi
 _____________________________________________________________________
 ! 1993 ! 1994 ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998
Машина жасау мен металл
өңдеу, барлығы
Млн. теңге 64 445 928 597 389 849
Млн. АҚШ доллары 13.76 12.44 15.23 8.87 5.16 10.84
 _____________________________________________________________________
 өнеркәсіптегі инвести. 3.0 1.0 1.1 0.9 0.5 0.6
 циялардың жалпы көлеміне
 %-бен
 _____________________________________________________________________
 Инвестициялардың ұдайы
 өндіру құрылымы:
 _____________________________________________________________________
 Жұмыс істеп тұрған
 кәсіпорындардың техникалық
 қайта жарақтануы мен
 қайта құрылуы, % 75.9 83.4 85.2 94.1 97.3
 _____________________________________________________________________
 Жұмыс істеп тұрған 18.1 14.1 10.1 0.7 0.7
 кәсіпорындарды
 кеңейту %
 _____________________________________________________________________
 Жаңа құрылыстар, % 3.0 0.4 0.4 - 0.7
 _____________________________________________________________________
 Бірлескен кәсіпорындар мен
 шетелдік формалардың негізгі
 капиталына инвестициялар
 _____________________________________________________________________
 Млн. теңге 1.0 99.0 15.0 12.0 340.0
 _____________________________________________________________________
 Млн.АҚШ дол. 0.027 1.62 0.223 0.15 4.34
 _____________________________________________________________________
 Өнеркәсіптегі инвестиция.
 лардың жалпы көлеміне %-бен 0.00 0.12 0.02 0.01 0.25
 _____________________________________________________________________
 Негізгі қорларды қолданысқа
 енгізу
 _____________________________________________________________________
 Млн. теңге 830 363 499 830
 _____________________________________________________________________
 Млн.АҚШ дол. 13.6 5.4 6.6 10.6
 _____________________________________________________________________
 барлық өнеркәсіпке %-бен 1.37 0.55 0.7 0.86
 _____________________________________________________________________
 Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі
(Қазақстанның Статистикалық жылнамасы, 1998-1999 жылдар, "ҚР құрылысы",
1998-1999 жылдар)

Машина жасау кешенiнiң негiзгi капиталына инвестициялардың өткiр жетiспеушiлiгi оларды ұдайы өндiрудiң құрылымдық ерекшелiктерiн айқындады. Соңғы 5 жылда салада iс жүзiнде жаңа құрылыс жүргізiлмей отыр. Осы жылдары капитал жұмсаудың барлық көлемi дерлiк жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды техникалық қайта жарақтауға және қайта жаңғыртуға бағытталды. Алайда, пайдаланылған инвестициялардың болмашы мөлшерiнен салыстырмалы түрдегi бұл тұтас алғанда машина жасаудың өндiрiстiк қуаттарының техникалық жағдайы мен техникалық деңгейiне айтарлықтай әсер еткен жоқ.

Сала өнеркәсiпте өнеркәсiптiк-өндiрiстiк негiзгi қорларды iске қосудың және жаңартудың көрсеткiштерi бойынша соңғы орындардың бiрiне ие болып отыр (4,5-кестелердi қараңыз).

 5-кесте
 Қазақстанның машина жасау саласы өнеркәсiптiк-өндiрiстiк
 негiзгi қорларының (ӨӨНҚ) жай-күйі
 (1997 жылдың аяғына)
 _____________________________________________________________________
 Өндірістің ! ӨӨНҚ құрылымы, % ! ! !
 бейіні ! !ӨӨНҚ-дың !Жаңарту !Істен шығу
 !________________________ !ескіруі, %!коэффи. !коэффи-
 !ғима-!бері-!маши.!көлік!басқа! !циенті, !циенті, %
 !рат. !летін!налар!құрал!да ! ! % !
 !тар !қон. !мен !дары !негіз! ! !
 !мен !дыр. !жаб. ! !гі ! ! !
 !құры.!ғылар!дық. ! !қор. ! ! !
 !лыс. ! !тар ! !лар ! ! !
 !тар ! ! ! ! ! ! !
 ____________!_____!_____!_____!_____!_____!____________________________
 Машиналар ! 43.7! 5,6 ! 44.9! 4.0 ! 1,8 ! 46.1 ! 2.0 ! 9.6
 мен жабдық.
 тарды өндіру
 _______________________________________________________________________
 Электр 32.6 4,1 55.6 5,3 2,4 54.3 3,1 2,3
 машинасы мен
 жабдықтарды
 шығару
 _______________________________________________________________________
 Радио, теле. 45.7 2,2 50,0 2.0 0.1 29,3 10,1 0.1
 видения және
 байланыс
 үшін жабдық.
 тар мен
 аппаратуралар
 шығару
 _______________________________________________________________________
 Медициналық 44.4 7.0 42.4 2,7 3,5 44,7 1,2 2,5
 аспаптар,
 прецизиондық
 және оптика.
 лық сайманды
 сағаттар
 шығару
 _______________________________________________________________________
 Автомобиль 45.0 10,1 38.7 4,8 1,4 54.4 1.0 0.4
 өнеркәсібі
 _______________________________________________________________________
 Басқа да 37.1 5,2 48.0 6.2 3,5 51.6 2,1 2,1
 көлік
 құралдарды
 шығару
 _______________________________________________________________________
 Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі
 (Қазақстанның Статистикалық жылнамасы, 1998-1999 жылдар, "ҚР құрылысы"
 1998-1999 жылдар)
 ӨӨНҚ-ның белсендi бөлiгiн (машиналар, жабдықтар, беру қондырғылары, көлiк
құралдары) пайдаланудың нормативтiк мерзiмдерiнiң бәсең бөлiгiне
(ғимараттар, құрылыстар) қарағанда анағұрлым қысқалығы жағдайды
күрделендiрiп отыр.

Құрылымындағы машина жасау саласы ӨӨНҚ-ның бәсең бөлiгiнiң үлесiне (басқа негізгi қорлармен бiрге) барлық қордың 40-45%-ы келетiн болғандықтан, ӨӨНҚ-ның 44-45%-ға тозуы iс жүзiнде саланың өндiрiстiк аппаратының барлық белсендi бөліктерiнің тозудың шектi-жол берiлетiн жағдайында екендігін бiлдiредi.

1997 жылдан бастап машина жасау саласы тұтастай алғанда шығынды болып табылады. 1998 жылы шығынның сомасы 5.275 млн. теңгенi (67,3 млн. АҚШ долл.) құрады, шығындылық деңгейi - 27,7%.

Саладағы дағдарысы машина жасау өнiмдерi экспортының қысқаруымен ұштасып отыр (6-кесте).

 6-кесте
 Машина жасау өнiмдерiнiң экспорты
 _______________________________________________________________________
 ! 1995 ж. ! 1996 ж. ! 1997 ж.
 !____________________!_________________!_______________
 !млн. !ҚР бойынша !млн. ! ҚР бойынша!млн. !ҚР бойынша
 !долл.!жалпы көлемге !долл.!жалпы !долл.!жалпы
 ! !%-бен ! !көлемге ! !көлемге
 ! ! ! !%-бен ! !%-бен
 ________________________________________________________________________
 ҚР экспорты, 5250.2 100 5911 100 6497.0 100
 барлығы
 _______________________________________________________________________
 Машина жасау 236.0 4.5 331.1 5.6 249.6 3.8
 өнімдерінің
 экспорты
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдеріне 196.0 3.7 292.5 4.9 223.0 3.4
 _______________________________________________________________________
 ТМД-ң тысқары 40.0 0.8 38.6 0.7 26.6 0.4
 жерлерге
 _______________________________________________________________________
 Оның ішінде:
 _______________________________________________________________________
 Машиналар, 143.1 2.7 207.2 3.5 160.1 2.5
 жабдықтар мен
 тетіктер,
 электр, радио-,
 телеаппаратура,
 олардың
 бөлшектері мен
 керек-жарақтары
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдеріне 132.2 2.5 197.3 3.3 149.1 2.3
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан 10.9 0.2 9.9 0.2 11.0 0,2
 тысқары
 жерлерге
 _______________________________________________________________________
 Жер беті, әуе, 59.4 1.1 92.1 1.5 70.0 1.1
 су көлік
 құралдары,
 олардың
 бөлшектері
 мен
 керек-
 жарақтары
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдеріне 54.6 1.0 84.3 1.4 66.1 1.0
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан 4.8 0.1 7.8 0.1 3.9 0.1
 тысқары
 жерлерге
 _______________________________________________________________________
 Оптикалық, 10.0 0.2 17.7 0.3 9.3 0.14
 фото- және
 кинемато.
 графиялық,
 өлшеу
 медициналық
 және басқа да
 аспаптар мен
 аппараттар,
 сағаттармен,
 муз. аспаптар,
 олардың
 бөлшектері,
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдеріне 5.3 0.1 7.0 0.1 5.2 0.08
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан 4.7 0.1 10.7 0.2 4.1 0.06
 тысқары
 жерлерге
 _______________________________________________________________________
 Қару-жарақтар, 23.5 0.5 14.1 0.23 10.3 0.16
 оқ-дәрілер
 және олардың
 бөлшектері
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдеріне 3.9 0.1 3.9 0.06 2.6 0.05
 _______________________________________________________________________
 ТМД-дан 19.6 0.4 10.2 0.17 7.7 0.11
 тысқары
 жерлерге
 _______________________________________________________________________
 Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.
 таблицаның жалғасы
 __________________________________________________
 1998 ж. ! 1999-1-жарты жылдық
 __________________________________________________
 млн. !ҚР бойынша !млн. ! ҚР бойынша
 долл. !жалпы көлемге!долл. ! жалпы көлемге
 ! %-бен ! ! %-бен
 __________________________________________________
 5403.8 100 2026.5
 __________________________________________________
 135.8 2.5 54.6
 __________________________________________________
 103.9 1.9 28.6
 __________________________________________________
 31.9 0.6 26.0
 __________________________________________________
 81.7 1.5 29.0
 __________________________________________________
 65.1 1.2 21.8 1.1
 __________________________________________________
 16.6 0.3 7.2 0.3
 __________________________________________________
 39.2 0.7 6.8 0.33
 __________________________________________________
 31.9 0,6 5.6 0.28
 __________________________________________________
 7.3 0.1 1.2 0.05
 __________________________________________________
 6.7 0.12 3.0 0.14
 __________________________________________________
 5.7 0.10 1.2 0.06
 __________________________________________________
 1.0 0.02 1.8 0.08
 __________________________________________________
 8.2 0.15 15.8 0.8
 __________________________________________________
 1.2 0.02 - -
 __________________________________________________
 7.0 0.13 15.8 0.8
 __________________________________________________

Қазақстанда өз өндірісінің есебінен машина жасау өнімдеріне ішкі қажетті 50% қанағаттандыруға мүмкіндік беретін өнеркәсіптік база бар. Алайда, 1993-94 жылдары өз айналымдық қаражатының толығымен ысырап болуынан және негізгі қорларды жаңарту процесін жүзеге асыру үшін негізгі капиталға инвестицияның жоқтығынан КСРО кезінен дәстүрлі түрде өндірілетін өнімдердің бәсекелестік қабілеті аз. Осыған байланысты республикада тұтынушылар машина жасау өнімдерін шетелдерден импорттайды (7-кесте). Әрі Қазақстанда өндірілетін және сапасы бойынша ығыспайтын, бірақ бағасы едәуір жоғары өнімдер де импортталады.

 7-кесте
 Машина жасау өнiмдерiнiң импорты
 _______________________________________________________________________
 ! 1995 ж. ! 1996 ж. ! 1997 ж.
 !____________________!_________________!_______________
 !млн. !ҚР бойынша !млн. ! ҚР бойынша!млн. !ҚР бойынша
 !долл.!жалпы көлемге !долл.!жалпы !долл.!жалпы
 ! !%-бен ! !көлемге ! !көлемге
 ! ! ! !%-бен ! !%-бен
 ________________________________________________________________________
 ҚР экспорты, 3806.7 100 4241.1 100 4300.8 100
 барлығы
 _______________________________________________________________________
 Машина жасау 1093.5 28.7 1243.9 29.3 1462.4 34.0
 өнімдерінің
 импорты
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдерінен 585.3 15.3 707.8 16.7 568.1 13.2
 _______________________________________________________________________
 ТМД-ң тысқары 508.2 13.4 536.1 12.6 894.3 20.8
 жерлерден
 _______________________________________________________________________
 Оның ішінде:
 _______________________________________________________________________
 Машиналар, 754.2 19.8 813.9 19.2 1003.1 23.3
 жабдықтар мен
 тетіктер,
 электр, радио-,
 телеаппаратура,
 олардың
 бөлшектері мен
 керек-жарақтары
 _______________________________________________________________________
 ТМД елдерінен 370.1 438.1 337.9

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!