Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына

бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қыркүйек N 1358 қаулысы



Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 27 ақпандағы N 238 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен автокөлік құралдарының жүруіне мемлекеттік бақылауды ретке келтіру және Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен ішкі автомобиль жолдарындағы бақылау органдарының постылары қатарынан Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен және халықаралық автомобиль қатынасына арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін жасақтасын. Бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін бөлінген қаражат пен бекітілген штат санының есебінен және шегінде мамандармен толықтыруды қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерінде бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау органдарының өзара іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін;

3) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті мен Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментінің аумақтық органдарының бірлескен бақылау-өткізу бекеттерін, "Шен" тосқауыл жүйесіне кіретін ішкі істер органдарының постыларын, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген аса маңызды қорықтарда орналасқан постыларын, сондай-ақ Шекара қызметінің шекара жолағы мен инженерлік құрылыстар шегіне кіру ережелерінің сақталуын бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бақылау постыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ішкі автомобиль жолдарында орналасқан тұрақты постыларды таратсын.

2. Орталық атқарушы органдар заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларда, эпидемияларда және осыған ұқсас жағдайларда уақытша бақылау-өткізу бекеттерін құруы мүмкін деп белгіленсін.

3. Орталық атқарушы органдар бұрын қабылданған шешімдерді екі айлық мерзімде осы қаулымен сәйкес келтірсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі







Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!