Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 17.01.01 Ж. № 61 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 17.01.01 Ж. № 61 ҚАУЛЫСЫ
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары

аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 қаңтардағы N 61 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен

енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясының мәртебесін қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдермен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Комитеттің негізгі міндеті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды аттестаттау болып айқындалсын.

3. Комитеттің штат саны 45 бірлік болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бір айлық мерзімде Комитет туралы Ережені және оның құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын.

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1433 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген, 2000 жылдың 1 қаңтарынан қолданылатын Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттеріндегі реттік нөмірі 6-жолда: "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 208" деген сөздер

 "Қазақстан Республикасының Білім 251
 және ғылым министрлігі, оның ішінде: 45";
 Жоғары аттестациялық комитет
 деген сөздермен ауыстырылсын;

2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ережесінде:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

"Министрліктің ведомствосы бар: Жоғары аттестациялық комитет";

көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

реттік нөмірі 167-1-жол алынып тасталсын;

3) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санына лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:

1 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімінде "Жоғары аттестациялық комиссия 62" деген жол алынып тасталсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!