Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

?аза?стан Республикасы Энергетика ж?не минералды? ресурстар

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
?аза?стан Республикасы Энергетика ж?не минералды? ресурстар
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар

министрлігінің кейбір ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 402 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын құруға рұқсат берiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

1) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерінің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігiнiң "Қазақстан Республикасының Минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және оның "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны оның алдын ала сатыларымен жекешелендiруге жатпайды деп белгiленсiн.";

2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі:

реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!