Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның

үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық

кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2001 жылғы 23 мамырдағы N 692 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

2. Мыналар Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын:

1) имандылық тәрбиесі арқылы азаматтардың рухани және тән саулығын нығайту мен сақтау әдістерін жасау және енгізу;

2) азаматтардың рухани және тән саулығына дәстүрлі емес әдістер ықпалының тәжірибесін зерделеу;

3) халықтың рухани және тән саулығын сауықтырудың жаңа әдістерін ғылыми сынақтан өткізу және енгізу.

3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2001 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде:

1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және әділет органдарында оның тіркелуін қамтамасыз етсін;

 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 470-164-жолмен толықтырылсын: "470-164 "Адамның үйлесімді дамуы институты" Алматы қазыналық кәсіпорны қаласы";

2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 157-16-жолмен толықтырылсын:

"157-16. Адамның үйлесімді дамуы институты".

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі



Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!