Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Жекелеген жоғары оқу орындарын қайта атау және акционерлік қоғамдар

етіп қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2001 жылғы 11 қазандағы N 1313 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Ш.Есенов атындағы Ақтау университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:

1) Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің жарғысына өзгерістер енгізсін және әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2001 жылғы 11 қазандағы

N 1313 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:

реттік нөмірі 470-98-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "470-98  Ш.Есенов атындағы Ақтау
              мемлекеттік университеті               Ақтау қаласы".

2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

реттік нөмірі 169-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"169 Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті".

3. "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде:

"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:

реттік нөмірлері 1 және 6-жолдар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16-1, 16-2, 16-3, 16-4, 16-5, 16-6, 16-7, 16-8-жолдармен толықтырылсын:

     "16-1  "Абай атындағы Алматы мемлекеттік
            университеті" республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны           Алматы қаласы
     16-2   "Қарағанды мемлекеттік техникалық
            университеті" республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны           Қарағанды қаласы
     16-3   "Қазақ мемлекеттік заң академиясы"
            республикалық мемлекеттік
            қазыналық кәсіпорны                       Алматы қаласы
     16-4   "Д.Серікбаев атындағы Шығыс
            Қазақстан мемлекеттік техникалық
            университеті" республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны           Өскемен қаласы
     16-5   "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
            мемлекеттік университеті"
            республикалық мемлекеттік
            қазыналық кәсіпорны                       Көкшетау қаласы
     16-6   "Қарағанды мемлекеттік медицина
            академиясы" республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны           Қарағанды қаласы
     16-7   "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
            медицина академиясы"
            республикалық мемлекеттік
            қазыналық кәсіпорны                       Шымкент қаласы
     16-8   "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
            мемлекеттік педагогикалық
            институты" республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны           Арқалық қаласы".

4. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:

реттік нөмірлері 2, 9, 14, 16, 20, 29, 31-жолдар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-1-жолмен толықтырылсын:

     "32-1  Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік
            университеті                              Ақтау қаласы".

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!