Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.09.02 Ж. № 969 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.09.02 Ж. № 969 ҚАУЛЫСЫ
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Gold+, Bin+, Silver+, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару

жүйесiнің департаментi тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарға

қызмет көрсету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 ж. 3 қыркүйектегі N 969 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 25 желтоқсандағы N 1366 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Дефолт фактiсiне жол бермеу, сондай-ақ Германия несие желiсi шеңберiнде мемлекеттiк кепiлдiкпен тартылған мемлекеттiк емес заемдар бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң (бұдан әрi - ҚР ӘМ ҚАЖК) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң құқықтық мұрагерi ретiнде Германия несие желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген заемдар жөнiндегi ҚР ӘМ ҚАЖК мiндеттемелерiн ҚР ӘМ ҚАЖК түзеу мекемелерiнiң "Еңбек-Гранит" және "Еңбек-Алмаз" (бұдан әрi "Еңбек-Гранит" РМК, "Еңбек-Алмаз" РМК) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарына беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен ҚР ӘМ ҚАЖК мен "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ), "Еңбек-Гранит" РМК, "Еңбек-Алмаз" РМК арасында келiсiм жасасуын қамтамасыз етсiн, онда:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттi орындау және есептiлiк нысандарын (кезеңдiк және жылдық) жүргiзу жөнiндегi қаржы рәсiмдерi ережесiне сәйкес сыйақы есептеле отырып, 2002 жылдан 2017 жыл кезеңiне 1995 жылғы 9 тамыздағы N 22-3/11 және 1996 жылғы 2 қазандағы N 0000016 мемлекеттiк кепiлдiктердiң орындалуына байланысты республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Еңбек-Гранит" РМК-ның, "Еңбек-Алмаз" РМК-ның қайтаруы;

Республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелердi "Еңбек-Гранит" РМК-ның, "Еңбек-Алмаз" РМК-ның орындауын қамтамасыз eтуі мақсатында тиiстi кепіл келiсімнің ресімделуі;

"Қазақстанның Даму Банкi" агенттiк сыйақысын "Еңбек-Гранит" РМК, "Еңбек-Алмаз" РМК қаражаты есебiнен төлеу көзделсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі И.Тасмағамбетов

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!