Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер,

сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын

ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту

туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 ж. 28

наурыздағы N 37 қаулысы

(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.09.00 ж. N 355; 20.12.01 ж. N 542;

13.05.02 ж. N 172; 11.08.03 ж. N 293 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 25 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Төлем жүйесi басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.

3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережелерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына жiберсiн, оларға осы қаулыны және бекiтiлген Ережелердi екiншi деңгейдегi банктерге жiберудi мiндеттесiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсiн.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

1999 ж. 28 наурыздағы

N 37 қаулысымен

Бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші

деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының

жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында

корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.01 ж. N 542 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды

1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ақша төлемі және аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2. Осы Ережелер екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi - банктер) корреспонденттiк есепшоттарын теңгемен және шетел валютасымен Ұлттық Банкте ашу, жүргiзу және жабу тәртiбiн реттейдi. Корреспонденттiк есепшоттар Ұлттық Банк пен банктiң арасында корреспонденттiк есепшот шарты жасалғаннан кейiн ашылады. Корреспонденттiк есепшот шартының талаптарына сәйкес Ұлттық Банк банктiң пайдасы үшiн түсетiн ақшаны қабылдауға, банкке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы банктiң өкiмiн орындауға және корреспонденттiк есепшот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.

3. Осы Ережелер Ұлттық Банктiң баланстық есепшоттарына және солар бойынша ашылатын Ұлттық Банктiң бухгалтерлiк есеп позициясын көрсететiн жеке есепшоттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген ең аз резервтiк талаптар туралы Ережеге сәйкес Ұлттық Банктiң банкке қоятын ең аз резервтiк талаптарының сомасын депондау үшін ашылатын есепшоттарға қолданылмайды.

4. Ұлттық Банк ақылы негiзде корреспонденттiк есепшоттарды жүргiзудi, банктiң қолма-қол ақшасын қабылдау және беру операцияларын орындауды және басқа қызметтердi жүзеге асыруға құқылы. Ол көрсететiн қызметтердiң түрлерi мен оларға төленетiн ақының мөлшерiн Ұлттық Банк өз бетiнше белгілейдi.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.05.02 ж. N 172 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды

5. Осы Ережелерде пайдаланылатын терминдердiң мағынасы мынадай:

1) ақша аударудың бастамашысы (бұдан әрi - бастамашы) - ақша аудару туралы нұсқауды алғаш рет орындауға ұсынған адам;

2) нұсқау - шарттың және заңның талабына сәйкес ақша аудару және төлеу туралы жiберушiнiң алушы банкке ұсынатын бұйрығы;

3) банктік бірегейлендірілген код (ББК) - ақша аудару не төлеу туралы нұсқауды ұсынған кезде банкті бірегейлендіру үшін оған Ұлттық Банк берген банктің сандық белгісі.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.05.02 ж. N 172 қаулысымен 2-тарау жаңа редакцияда жазылды

2-Тарау. Банктiң Ұлттық Банкте корреспонденттiк

есепшот ашу тәртiбi



6. Корреспонденттік есепшот шартын жасау үшін банктер Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасында банктік есепшоттар ашу жөніндегі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға және осы Ережелерге сәйкес құжаттарды береді.

7. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) аударым операцияларын жүргізуге арналған Ұлттық Банктің лицензиясы болғанда, ақша аударымының банкаралық жүйесін пайдаланушы мәртебесін алу мақсатында Ұлттық Банкте ұлттық валютамен корреспонденттік есепшот аша алады.

8. Ұлттық Банкте корреспонденттік есепшот ашу туралы мәселені қарау үшін ұйымдар Ұлттық Банктің банктік есепшоттар ашу, сондай-ақ ақша аударымының банкаралық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:

осы ұйымды ақша аударудың банкаралық жүйесіне қосуға қажетті мынадай ақпарат кіретін негіздеме:

ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы операциялардың болжамды саны мен көлемі (бір айға);

жүзеге асыру үшін ақша аударудың банкаралық жүйесіне қосуға қажетті операциялардың тізбесі;

ұйым клиенттерінің болжамды саны;

ұйымның бағдарламалық-техникалық жарақталуының жай-күйі және ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің сенімділігі туралы аудиторлық ұйымның қорытындысы.

8-1. Ұйымға корреспонденттік есепшот ашу туралы мәселені қараған кезде Ұлттық Банк ұйымның төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының төлем жүйесіне кірудің бағдарламалық-техникалық құралдарына қойылатын талаптарды белгілейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.08.03 ж. N 293 қаулысымен 8-2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)

8-2. Корреспонденттік есепшот шарты ұйыммен төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ақша аударымының банкаралық жүйесін ұйымдастыруға және жұмыс істеуге қойылатын талаптарды белгілейтін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келген жағдайда және Ұлттық Банк Басқармасының осы ұйымға корреспонденттік есепшот ашу туралы қаулысы болғанда жасалады. Ұлттық Банктің еншілес ұйымымен корреспонденттік шот шартын жасау үшін Ұлттық Банк Басқармасының корреспонденттік шотты ашу жөніндегі қаулысы талап етілмейді.

8-3. Банк осы Ережелерде белгіленген талаптарды орындаған жағдайда Ұлттық Банк банкпен корреспонденттік есепшот шартын жасайды, оған банктік бірегейлендірілген код және жеке бірегейлендірілген код береді, олар арнайы кітапқа тіркеледі.

Банктік бірегейлендірілген код осы Ережелердің N 1 қосымшасына сәйкес беріледі.

8-4. Ұйым осы Ережелерде белгіленген талаптарға және Ұлттық Банктің өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келмеген жағдайда, Ұлттық Банк ұйымға корреспонденттік есепшот ашудан бас тартады.

8-5. Ұлттық Банк ұйыммен корреспонденттік есепшот шартын жасағаннан кейін он жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - Орталық) ұйымды ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы ақша аударымына қатысуға жіберу туралы Ұлттық Банктің оң қорытындысын жібереді.

8-6. Ұйым Ұлттық Банкте корреспонденттік есепшот ашылған күннен бастап бір ай ішінде ақша аударудың банкаралық жүйесінің пайдаланушысы мәртебесін алмаған жағдайда, сондай-ақ ұйым Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген негіздер бойынша ақша аударудың банкаралық жүйесінің пайдаланушысы мәртебесінен айырылған жағдайда, Ұлттық Банк заңдарда және корреспонденттік есепшот шартында белгіленген тәртіппен ұйыммен жасалған корреспонденттік есепшот шартын бұзуға құқылы.

8-7. Корреспонденттік есепшот шарты, сондай-ақ корреспонденттік есепшот ашу үшін банк берген құжаттар тігіледі және Ұлттық Банктің корреспонденттік есепшоттарды жүргізетін бөлімшесінде (бұдан әрі - Ұлттық Банктің бөлімшесі) әрбір клиент бойынша арнайы ашылған іс қағаздарында сақталады.

Банк ақша аударудың банкаралық жүйесінің пайдаланушысы мәртебесін алғаннан кейін іс қағаздарына, сондай-ақ банктің Орталықпен жасаған шартының көшірмесін және осы банкті ақша аударудың банкаралық жүйесіне қосу жөніндегі қорытындысын (сипаттамасын) қосады.

3-тарау. Банктiң корреспонденттiк есепшотын

жүргiзу тәртiбi

9. Ұлттық Банк банктiң Ұлттық Банкте корреспонденттiк есепшотта жатқан ақшасын кедергiсiз иелену құқын қамтамасыз етедi және онда қалған қалдық сомасының шегiнде төлемдердi және/немесе ақша аударуды жүзеге асырады.

Корреспонденттiк есепшотқа ие болу құқына берiлетiн сенiмхатты корреспонденттiк есепшот иесi - банк осы банктiң лауазымды адамына ғана бере алады.

10. Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларда болмаса, ақша аударудың негiздерiнiң Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының талаптарына сәйкес келу-келмеуiн тексермейдi.

11. Банктердiң ақшасын ықтиярсыз алып қою (шығарып тастау), сондай-ақ Ұлттық Банкте оның корреспонденттiк есепшотында жатқан ақшасын банктердiң ие болу құқын шектеу заң актiлерiнде немесе банк пен Ұлттық Банк арасындағы шартта көзделген жағдайда ғана мүмкiн.

12. Ұлттық Банк корреспонденттiк есепшот шарты бойынша Ұлттық Банктiң филиалының кассасы арқылы банкке және/немесе оның филиалына қолма-қол ақшаны бере алады/қабылдай алады.

13. Банк корреспонденттiк есепшот шартына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәсiлдермен Ұлттық Банкке төлем құжаттарын орындау үшiн ұсынады.

14. Ақша аудару туралы нұсқауларды қабылдау және беру, сондай-ақ корреспонденттiк есепшоттан үзiндiлер Ұлттық Банктiң Операциялық күн кестесiне сәйкес (бұдан әрi - Операциялық күн кестесi) жүзеге асырылады.

15. Төлем тапсырмасын Ұлттық Банкке берген кезде банк төлем тапсырмасында көрсетiлген адамның пайдасы үшiн ақшасын аударуға ұлттық Банкке өкiлеттiк бередi.

16. Банктiң Ұлттық Банкке жiберетiн электрондық төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнде ақпарат беру форматтарына қойылатын талаптар туралы Ереже шарттарына сәйкес келуге тиiс.

Ұлттық Банктiң және банктiң электрондық төлем тапсырмаларын алмастырған кезде заң бұзғаны үшiн жауапкершiлiк олардың арасында бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы Келiсiмде белгiленедi.

Ақша аударуды жүзеге асыратын банк жiберетiн төлем тапсырмаларда Ұлттық Банк делдал банк ретiнде көрсетiлмеуi мүмкiн.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.05.02 ж. N 172 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді

17. Ұлттық Банк пен банк арасында электрондық байланыс арналарын және телекоммуникацияны пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда немесе олардың арасында бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы Келiсiм болмаған жағдайда банк Ұлттық Банктiң филиалына Ұлттық Банк белгілеген форматта магниттiк тасымалшы мен төлем тапсырмасының мәтiнiн, төлем тапсырмасының қағаз тасымалшыдағы екiншi данасын, сондай-ақ ұсынылған төлем құжаттарының тiзбесiнiң екi данасын бередi, тiзбелерде әрбiр төлем тапсырмасының нөмiрi мен күнi, оның сапасы, ақшаны жiберушiнiң және алушының банктiк есепшоттары көрсетіледi. Төлем тапсырмасы сенiмхат негiзiнде қабылданады.

18. Ұлттық Банктің филиалы осы Ережелердiң 17-тармағында көрсетiлген құжаттарды алған кезде әрбiр төлем тапсырмасының барлық мiндеттi деректемелерiн толтырудың дұрыстығын тексередi, қолда бар қол қою үлгiлерiн, банк мөрiнiң бедерiн салыстырып тексередi.

Төлем тапсырмасының магниттiк тасымалшымен берілген мәтiнi қағаз тасымалшыдағы төлем тапсырмасымен салыстырылып тексерiледi, сондай-ақ осы төлем тапсырмаларының төлем құжаттарының берiлген тiзбесiнде бар-жоғы тексерiледi.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.05.02 ж. N 172 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді

19. Төлем құжаттарын қабылдаған кезде Ұлттық Банктiң филиалы осы Ережелердiң 7-тармағына сәйкес банк өткiзген тiзбенi банктер өткiзген төлем құжаттарының Тiзiмдемесiн тiркеу Журналында тiркейдi (бұдан әрi Журнал) (N 2 қосымша).

20. Төлем тапсырмасының деректемелерiнiң дұрыс толтырылмауы, қолдар мен банк мөрi бедерiнiң қолдағы үлгiлерге, сондай-ақ магниттiк тасымалшыдағы төлем тапсырмасы мәтiнiнiң қағаз тасымалшыдағы төлем тапсырмасының данасына сәйкес келмеуi және басқа кемшiлiктер анықталған жағдайда, Ұлттық Банктiң филиалы анықталған кемшілiктердi жою үшiн төлем тапсырмасын қайтарып бередi. Осы орайда төлем құжаттарының тiзбесiнде қайтарылған төлем тапсырмаларының деректемелерiнiң қарсысына қайтарылғандығы туралы белгi жасалады, Ұлттық Банк филиалының жауапты орындаушысының және банктiң өкiлеттi адамының қолдары қойылады және тiзбенiң жиынтық сомасы қайтарылған төлем тапсырмаларының сомасына түзетiледi. Журналда сома, акцептелмеген құжаттардың саны туралы тиiстi белгi жасалады және қайтару себептерi мен қайтарылған төлем тапсырмаларының деректемелерi көрсетiледi.

21. Ұлттық Банктiң филиалы алынған құжаттарды тексергеннен кейiн сол күнi төлем тапсырмасының мәтiнiн электрондық байланыс арналары бойынша Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне жiбередi.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.08.03 ж. N 293 қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

22. Ұлттық Банк жiберушi банктiң төлем тапсырмасын оның корреспонденттік есепшотын дебеттеу жолымен акцептейдi, осыған байланысты Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң филиалына корреспонденттiк есепшотты дебеттеу туралы хабарлама жiбередi.

23. Ұлттық Банктiң филиалы банктiң корреспонденттiк есепшотын дебеттеу туралы хабарламаны алғаннан кейiн, келесi күннен кешiктiрмей ұсынылған төлем құжаттарының тiзбесiнiң "қабылданды" деген белгi қойылған екiншi данасы банкке қайтарылады. Тапсырылған төлем құжаттарының тiзбесiнiң бiрiншi данасы және төлем тапсырмасының екiншi данасы Ұлттық Банк филиалының құжаттарына тiгiледi.

24. Төлем тапсырмасының акцептi қабылданбаған жағдайда Ұлттық Банк банкке акцептiң қабылданбағаны туралы себептерiн көрсете отырып тиiстi хабарлама жiбередi.

Банктiң нұсқауларын қабылдаудан бас тарту негiздерi мыналар:

1) төлем тапсырмасының дұрыс ресiмделмеуi;

2) банктiң корреспонденттiк есепшотында ақшаның жеткiлiктi сомасының болмауы;

3) заң және/немесе корреспонденттiк есепшот шартының талаптарында белгiленген өзге де талаптардың сақталмауы.

25. Ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi банктiң төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерi белгiлейдi. Ұлттық Банктiң қосымша есебiнде банктiң осы операцияларының сальдосы көрсетiледi.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.09.00 ж. N 355 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді

26. Банктiң корреспонденттiк есепшотынан оның келiсiмiнсiз ақша алудың негiздiлiгiн растайтын орындаушы құжаттардың түпнұсқалары қоса берiлген инкассалық өкiмдердi Ұлттық Банкке бастамашының тiкелей өзi алып келедi немесе фельдъегерлiк почта арқылы жiберiледi.

Ұлттық Банктiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесi инкассалық өкiмдердi қабылдап алып, оларды инкассалық өкiмдер журналында тiркейдi.

Ұлттық Банк қолданылып жүрген заңдарда және шартта ерекше ескертiлген жағдайда болмаса, инкассалық өкiмдердi корреспонденттiк есепшотты дебеттеу жолымен үш жұмыс күнi iшiнде акцептейдi.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.08.03 ж. N 293 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

27. Ұлттық Банк бастамашының осы инкассалық өкiмнiң барлық деректемелерi қамтылған жазбаша өкiмi негiзiнде ғана акцептелген және акцептелмеген инкассалық өкiмдi қайтарып алады, сондай-ақ инкассалық өкiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.

Мұндайда нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру немесе акцептелген нұсқауды қайтарып алу оны алушы банк орындағанға дейін мүмкін болады.

28. Ұлттық Банк банктiң нұсқауларын және үшiншi адамдардың талаптарын Ұлттық Банктiң акцептелiнетiн күннен кейiнгi операциялық күнiнен кешiктiрмей орындайды.

29. Ұлттық Банк нұсқауларды орындаған кезде алушы банктiң корреспонденттiк есепшотын заңдарда белгiленген талаптарға сәйкес нұсқауда көрсетiлген сомада кредиттейдi.

Осы орайда Ұлттық Банк алушы банкке нұсқау, ал байланыстың электрондық төлем тапсырмасын және Операциялық күннiң кестесiне сәйкес оның корреспонденттiк есепшотын кредиттеу туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.

30. Ұлттық Банкке түсетiн төлем құжаттарының есебi Ұлттық Банктiң операцияларын есепке алу жөнiндегi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

31. Ұлттық Банктiң ақша аудару жөнiндегi жiберушi банк алдындағы мiндеттемелерi алушы банктiң корреспонденттiк есепшоттары кредиттелетiн күнi аяқталады.

32. Ақша аудару қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк санкция берiлмеген аударымдық төлемдерден қорғану әрекетiнiң рәсiмдерiн әзiрлейдi және қолданады.

Қорғану әрекетiнiң элементтерi ретiнде уәкiлеттi адамның (адамдардың) қолын, мөрлердi, алгоритмдердi, (сандық, әрiптiк, символдар қолданып және араласқан) кодтарды, сәйкестендiрушi сөздердi немесе сәйкестендiрушi нөмiрлердi, шифрлауды, қайтарып алу әдiстерiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қорғау тәсiлдерiн пайдалануға болады.

Ұлттық Банк және банк қорғау әрекетiнiң ресiмдерiн сақтауға және осы рәсiмдердi қолдану және өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтердiң сақталуына қарауға мiндеттi. Қорғау әрекетiнiң ресiмдерiн бұзған немесе бұзуға әрекеттенгенi байқалған жағдайда банк осы фактiлер туралы дереу Ұлттық Банкке хабарлауға мiндеттi. Ұлттық Банк банкпен бiрге анықталған фактілердi жою жөнiнде оларды анықтағаннан кейiн келесi операциялық күннен кешiктiрмей шара қолдануға тиiс.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.01 ж. N 542 қаулысымен 33-тармақ өзгертілді

33. Төлем жасауды және ақша аударуды аяқтау және корреспонденттiк есепшот бойынша дебеттiк сальдоны болдырмау мақсатында банк Ұлттық Банктiң заемдарын Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен пайдалануға құқылы.

34. Банктiң ақшасын қабылдау (жазу), алып тастау (шығарып тастау) жөнiндегi операциялық күн аяқталғаннан кейiн Ұлттық Банк корреспонденттiк есепшоттан үзiндi жасайды, ол үзiндi Операциялық күн кестесiнде белгiленген уақытта банкке тапсырылады.

35. Ұлттық Банктен алынатын үзiндiлер бойынша банк өзiнiң iшкi корреспонденттiк есепшоты бойынша өзiнiң Ұлттық Банктегi корреспонденттiк есепшотта көрсетiлген, жасалған төлемдердiң сомасының дұрыс көрсетiлуiн күн сайын бақылап отырады.

36. Корреспонденттiк есепшот бойынша жасалған операцияларды тексеру мақсатында банк ай сайын корреспонденттiк есепшот бойынша (N 3 қосымша) жасалған операциялардың тексеру Ведомостын екi данада жасайды. Банктiң мөрiмен және уәкiлеттi адамдардың қолымен куәландырылған осы ведомость арнайы почтамен есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 5-iне дейiнгi мерзiмде Ұлттық Банкке жiберiледi.

37. Ұлттық Банктiң уәкiлеттi адамы корреспонденттiк есепшот бойынша жасалған операцияларды тексеру Ведомостын Ұлттық Банктiң есептеу мәлiметтерiмен салыстырып тексередi, олар сәйкес келген жағдайда оның өз қолымен куәландырылған және мөртабан қойылғалы екiншi данасын есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 10-ына дейiнгi мерзiмде банкке жiбередi.

4-тарау. Қолма-қол ақшаны қабылдау және беру тәртiбi

38. Қолма-қол ақшаны банкке немесе оның филиалына берудi, сондай-ақ банктен немесе оның филиалынан ақша қабылдауды және санап алуды Ұлттық Банктiң эмиссиялық-кассалық операциялар жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес Ұлттық Банктiң филиалы жүзеге асырады.

Осыған орай жоғарыда көрсетiлген актiлерге сәйкес банк немесе банктiң филиалы қолма-қол ақшаны алатын күннiң қарсаңында Ұлттық Банктің филиалына қолма-қол ақшаны алуға өтiнiм тапсырады.

39. Осымен бiр мезгiлде Операциялық күн кестесiне сәйкес банк Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне Ұлттық Банктiң филиалдарының есеп айырысу кассалары арқылы қолма-қол ақшаны электрондық байланыс арналары, факсимильдiк байланыс құралдары немесе банктiң уәкiлеттi адамы арқылы (N 4 қосымша) банктiң корреспонденттiк есепшотындағы ақшаны резервке беру үшiн өтiнiш (бұдан әрi - резервтеуге өтiнiш) жiбередi.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.01 ж. N 542 қаулысымен 40-тармақ толықтырылды

40. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi қағазға шығарылған резервтеуге өтінішті алғаннан кейiн резервтеуге өтініштің күнiн және нөмiрiн, банктiң атауын, банктiң корреспонденттiк есепшотындағы резервтелетiн ақша сомасын көрсете отырып оны арнайы журналға тiркейдi. Ақша резервтеуге электронды әдіспен алынған тапсырыс автоматты түрде өңделеді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.01 ж. N 542 қаулысымен 41-тармақ өзгертілді

41. Резервтеуге өтiнiштiң күшiн жою негiздерi:

1) егер резервтеуге өтiнiште көрсетiлген резервтелетiн сома операциялық күннiң басында банктiң корреспонденттiк есепшотындағы қалдықтан асып тұрса;

2) өтiнiш берген банктiң өтiнiмi бойынша;

3) бұрынғы қабылданған өтiнiштiң орнына банктен жаңа өтiнiш түссе;

4) резервтеуге өтiнiш банктен Операциялық күн кестесiне сәйкес резервтеуге өтiнiштi қабылдау жөнiндегi операциялық күн аяқталғаннан кейiн түссе;

5) ақша жіберуші болып табылатын банктің корреспонденттік есепшотында инскассалық өкімді және/немесе ақша жіберушінің акцептін талап етпейтін төлем талап/тапсырмасын орындау үшін ақша жеткіліксіз болған кезде.

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!