Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің

бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы Қазақстан

Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388

Қаулы (ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.05.00 ж. N 195; 30.10.00 ж.

N 405; 16.02.02 ж. N 49; 21.04.03 ж. N 125 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 12 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының банк жүйесін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекітілсін және өндірістік пайдалануға тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап күшіне енгізілсін.

2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментімен бірлесіп (Шәріпов С.Б.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберіп, оларға осы қаулыны және Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.05.00 ж. N 195 қаулысымен 3-тармақтың 1) тармақшасы өзгертілді

3. Ақпарат технологиясы департаменті (Поликарпов О.Ю.):

1) "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (Абдулкаримов С.Х.) бірлесіп тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін және оны 2000 жылдың 1 шiлдесiнен бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізетін болсын.

2) Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасымен (Ғалиева Д.Т.) бірлесіп Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылға арналған шығыс сметасынан тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қаражат қарастыратын болсын.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.



Ұлттық Банк

Төрағасы

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

1999 жылғы 15 қарашадағы

N 388 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін -

төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін

қолдану ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды

1. Осы Ережеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ТББЖ-нiң кодын мiндеттi түрде қою көзделген Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем құжаттарына және басқа құжаттарға (бұдан әрi - төлем құжаттары) қолданылатын кодтарды қою жүйесi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн - төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн қою тәртiбi көрсетiлген.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405; 16.02.02 ж. N 49 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсi төлем бойынша берiлген мәлiметтер негiзiнде төлемдердiң айқындығын қамтамасыз ететiн көрсеткiштер жүйесiн қалыптастыруға және Қазақстан Республикасындағы ақша ағынын талдауға арналған.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405; 16.02.02 ж. 16 N 49 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді

3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мыналарды білдіреді:

1) төлем белгілеу коды - төлем белгілеудің шартты, қысқартылған сандық белгісі;

2) төлем құжаты - ақша міндеттемелері негізінде немесе Қазақстан Республикасының азаматтық-құқықтық мәмілелерінің, шарттарының, нормаларының талаптарына сәйкес жүргізілетін ақша міндеттемелерінің көмегімен орындалатын құжат;

3) валюта және қымбат металдар коды - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының және шет мемлекеттер валютасының, сондай-ақ қымбат металдардың шартты, қысқартылған белгісі (бұдан әрі - валюта коды);

5) Электронды төлем жүйесі - есептеу жүйесін, мәміле жасауды, ақша аударымын және ақпаратты белгіленген электронды форматта, электронды байланыс құралдары арқылы беру.

6) төлем жүйесі - қатысушының құқығын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейтін заң, ереже және стандарттар бойынша бір қатысушының қаражатын екінші қатысушыға аударатын механизм;

7) халықаралық төлемдер - елдер, қаржы мекемелері, ұйымдар мен түрлі елдер аумағындағы азаматтар арасындағы өзара төлемдер мен есеп айырысулар;

8) алып тасталды

9) алып тасталды

10) алып тасталды

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін толтыру тәртібі төлемдердің электрондық жүйесіндегідей, ішкі банкаралық және халықаралық төлемдерді қоса отырып, банктердің тікелей корреспонденттік қатынастар жөніндегі операциялары үшін де қолданылады.

2-тарау. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісінің құрылымы

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды

5. Сондай-ақ төлем белгiлеу коды бар, төлем сипатының атауы болмайтын "Зейнетақы төлемдерi және жәрдемақылары" деп аталатын 0 бөлiм бұған кiрмейдi.

6. I және II символдары төлем құжаттарында код - ақша жіберушінің коды қойылған жерге жасалады.

7. III және IV символдары төлем құжаттарында КБе - бенефициардың коды қойылған жерге жасалады.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405; 16.02.02 ж. N 49 қаулыларымен 8-тармақ өзгертілді

8. Валюта және қымбат металдар коды (V VI VII символдары) - ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеушiлерiне сәйкес белгіленеді.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді

9. VIII, IX, X символдарды төлем белгілеу коды жасалады.

10. Резиденттік белгі Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес белгіленеді және мынадай тәртіппен қойылады:

"1" - резидент

"2" - резидент емес

11. Экономика секторы экономика секторының кодына сәйкес қойылады (N 1 қосымша).

12. Төлемді белгілеу коды осы қаулының N 2 қосымшасына сәйкес қойылады.

3-тарау. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісіне сәйкес

төлем құжаттарын толтыру тәртібі

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді

13. Төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі төлем құжатының жасалу кезеңінде қалыптасады:

1) электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар бойынша электрондық төлем хабарларын жіберуге арналған электрондық форматта ақша/бенефициар жіберушінің резиденттік және экономика секторындағы белгілері арнайы бөлінген жерге қойылады, валюта коды және төлем белгілеу коды арнайы бөлінген жерге қойылады, валюта коды және төлем белгілеу коды арнайы бөлінген жерге қойылады.

2) резиденттік және экономика секторының белгілері қағаз жазбаға ресімдеу кезінде ақша жіберушінің "КОд" және бенефициардың "КБе" жеріне, валюта коды және төлем белгілеу коды төлем құжатының арнайы бөлінген жеріне қойылады.

14. Ақша жіберуші төлем құжатының "Төлемді белгілеу" бағанында құжаттың деректемелерін, яғни номерін, күнін, аты-жөнін және басқа мәліметтерді көрсете отырып нақты операцияның мазмұнын көрсетуі тиіс, соның негізінде ақша және/немесе төлем аударымы жүзеге асырылады.

Егер төлем валютасы ерекше болса, бағалы қағаздармен операциялар жасаған кезде, сол валютамен шығарылған бағалы қағаздарды көрсету қажет.

15. Төлем бастамашысы осы Ереженің және Қазақстан Республикасының төлем және ақша аударымын жүзеге асыратын әдістердің қолдану ережесін және ерекшеліктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісінің дұрыс қойылуына жауап береді.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді;

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.02.02 ж. N 49 қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда

16. Банк және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар осы Ереженiң талаптарын бұза отырып толтырылған төлем құжатын акцептеуден бас тартуға мiндеттi.

17. Төлем бастамашысы төлем құжаттарында делдал банктің резиденттік және экономика секторының белгілерін көрсетпей-ақ ақша аударымын және бенефициар төлемін жүргізу арқылы банк делдалын көрсетуге құқылы.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405 қаулысымен 18-тармақ толықтырылды

18. Төлем құжаттарында төлем белгiлеу кодын біреуден артық қоюға болмайды.

Бiрнеше төлем белгiленген операцияларды жүзеге асырған кезде төлем құжатына негiзгi төлемдi белгiлейтiн код қойылады.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды

18-1. Егер операция түрiнiң тақырыбы немесе төлем сипаты болып саналатын төлем белгiлеу коды егжей-тегжейлi көрсетiлсе, онда қоюға болмайды.

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.02.02 ж. N 49 қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды

18-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ТББЖ кодтарына қатысты жүргiзiлетiн төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын, екiншi деңгейдегi банктер "Казпочта" ашық акционерлiк қоғамы, клиринг ұйымдары, "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамы бередi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес қалыптастырады.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi

Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы

N 388 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан

Республикасының мемлекеттiк жiктеушiсiн -

төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушiсiн

қолдану ережесiне

N 1 қосымша

ҚР Ұлттық банкі басқармасының 30.10.00 ж. N 405 қаулысымен N 1 қосымша жаңа редакцияда жазылды

ЭКОНОМИКА СЕКТОРЛАРЫНЫҢ КОДТАРЫ

──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-
А Халықаралық ұйымдар
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-
1 Орталық Үкiмет
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-
2 Аймақтық және жергiлiктi басқа органдары
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-
3 Орталық ұлттық банктер
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-
4 Басқа депозиттiк ұйымдар
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-
5 Басқа қаржылық ұйымдар
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-
6 Мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-
7 Мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-
8 Үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық
 емес ұйымдар
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-
9 Үй шаруашылығы
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────-

Ескерту:

Секторлар бойынша экономикалық қызметтi бөлу өндiрiстiк немесе тұтыну аясының қарапайым бiрлiктерiн бiлдiретiн мекемелiк бiрлiктердi атап көрсету арқылы жүзеге асады және олар экономикалық шешiмдердi (өндiрiс және тұтыну мәселелерi бойынша) өз бетiнше қабылдау құқығымен және қаржы есепшоттарының қажеттi жиынтығын жүргiзумен ерекшеленедi. Әрбiр жеке мекемелiк бiрлiктiң өзiнiң негiзгi қызмет түрiне сәйкес тұтастай бiр экономика секторына қатысы бар. Осыған орай жiктеудiң принциптерi экономиканың қызметтiң негiзгi түрiне сәйкес секторлар бойынша топтастырылатын айқын көрсетiлетiн мекемелiк бiрлiктерден тұратынын негiзге алады.

Сектор қызметтiң негiзгi бiр түрiмен айналысатын мекемелiк бiрлiктер бiрiктiрiлген экономика секторының негiзгi бөлiмшесi болып табылады. Әрбiр сектор экономиканың талдауға бейiм маңызды бөлiгi болып есептеледi және оның басқа секторлардан ерекшеленетiн экономикалық сипаттамалары бар.

Мекемелiк бiрлiк құқық бойынша активтерге ие бола алатын, өзiне мiндеттемелер қабылдай алатын және басқа экономикалық секторлармен шаруашылық қызметпен және операциялармен айналыса алатын экономикалық бiрлiктi бiлдiредi.

Ережеде экономиканың мынадай секторлары қолданылады: мемлекеттiк басқару органдары; қаржылық ұйымдар; қаржылық емес ұйымдар; үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар; үй шаруашылығы.

Мемлекеттiк басқару органдары

"1" Орталық Yкiмет;

"2" Аймақтық және жергiлiктi басқару органдары;

Қаржылық ұйымдар

"3" Орталық (ұлттық) банктер;

"4" Басқа депозиттiк ұйымдар;

"5" Басқа қаржылық ұйымдар;

Қаржылық емес ұйымдар

"6" Мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар;

"7" Мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар;

Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар

"8" Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар;

Үй шаруашылығы

"9" Yй шаруашылығы.

"Мемлекеттiк басқару органдары" секторы - ел аумағында орналасқан басқа мекемелiк бiрлiктерге қолданылатын заң, сот немесе атқарушы билiкке ие мекемелiк бiрлiктер. Мемлекеттiк басқару органдарының негiзгi қызметiне мыналар жатады: тұтастай алғанда қоғамды және жеке үй шаруашылығын тауарлармен және қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге жауапкершiлiк: салық салу арқылы немесе басқа кiрiстер есебiнен осыған қажеттi қаржы қаражатын жинақтау; трансферттер арқылы кiрiс пен байлықты қайта бөлу және рыноктық емес өндiрiстi жүзеге асыру. Осы секторға орталық үкiмет ("1" коды), аймақтық және жергiлiктi басқару органдары ("2" коды) кiредi.

"1" коды республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын министрлiктер, ведомстволар мен агенттiктер, ғылыми-зерттеу институттары, мекемелiк бiрлiктер - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң агенттерi, мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасайтын және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлар, сондай-ақ мемлекеттiң бақылауындағы, мемлекеттiк органдарға тән мiндет атқаратын және рыноктық өндiрiспен айналыспайтын басқа ұйымдарды бiлдiредi;

"2" коды облыс, қала және аудан деңгейiнде басқару қызметiн жүзеге асыратын мекемелiк бiрлiктердi және аймақтық (жергiлiктi) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдарды бiлдiредi.

"Қаржылық ұйымдар" секторы - негiзгi қызметi қаржылық делдалдық немесе қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты қосалқы қаржылық қызмет болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға орталық (ұлттық) банктер ("3" коды), басқа депозиттiк ұйымдар ("4" коды) және басқа қаржылық ұйымдар ("5" коды) кiредi.

"3" коды қаржы жүйесiнiң негiзгi аспектiлерiне бақылау жасайтын және ұлттық валютаның эмиссиясы, халықаралық резервтердi басқару, қаржылық ұйымдардың қызметiне қадағалау жасау сияқты қызмет жүргiзетiн мекемелiк бiрлiктi бiлдiредi.

"4" коды негiзгi қызмет түрi қаржылық делдалдық болып табылатын және олардың банктер болатынына-болмайтынына қарамастан, мiндеттемелерi депозиттердiң немесе сол сияқтылардың (қолданыстағы ақшаның ұлттық сипаттауына кiретiн депозиттердiң жақын алмастырушылары) нысаны бар мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. Қазақстан Республикасында осы топқа екiншi деңгейдегi банктер және кредиттiк серiктестiктер жатады.

"5" коды түрлi делдалдық не қосалқы қаржылық қызмет көрсететiн немесе қызметi қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты болатын, бiрақ өздерi делдалдардың қызметiн атқармайтын осы сектордың қалған барлық мекемелiк бiрлiктерiн бiлдiредi. Бұл топқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, инвестициялық қорлар, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын кейбiр ұйымдар және мемлекеттiң бақылауындағы және/немесе қоғамдық не қайырымдылық қызметпен айналысатын ұйымдарды есептемегенде, басқа қаржылық ұйымдар жатады.

"Қаржылық емес сектор" - негiзгi қызмет түрi көбiнесе рыноктық тауарлардың және қаржылық емес қызметтiң өндiрiсi болып табылатын мекемелiк бiрлiктер. Осы секторға мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар ("6" коды) және мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар ("7" коды) жатады.

"6" коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi.

"7" коды көбiнесе рыноктық өндiрiспен айналысатын және мемлекеттiк басқару органдары бақылау жасамайтын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi.

Бұдан басқа осы топқа қызметi негiзгi қызметiнен кiрiс табуды көздемейтiн, қосалқы болып табылатын және негiзгi корпорацияның қызмет көрсетуiмен қатаң шектелген, екiншi кезектегi (қосалқы ұйымдар) болып табылатын мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдардың өкiлдiктерi мен филиалдары жатады.

"Yй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар" секторы ("8" коды) - тауар шығаратын немесе қызмет көрсететiн, бiрақ осындай ұйымдарға бақылау жасайтын мекемелiк бiрлiктерге кiрiс немесе өзге қаржылық үлес түсiрмейтiн мекемелiк бiрлiктер - және оларға мынадай мекемелiк бiрлiктер жатады:

1) осындай ассоциациялардың мүшелерiн тауарлармен немесе қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшiн тұлғалардың ассоциациялары құратын бiрлiктер. Бұндай қызмет әдеттегiдей тегiн көрсетiледi немесе жүйелi мүшелiк жарналардың есебiнен қаржыландырылады. Оларға саяси партиялар, кәсіподақтар, мешiттер, шiркеулер (храмдар) және дiни қоғамдар, қоғамдық, мәдени, ойын-сауық және спорттық клубтар және басқалары жатқызылады.

2) негiзгi қызмет түрi қайырымдылық көмек көрсету болып табылатын бiрлiктер. Оларға қоғам мүшелерiнiң мүдделерiне қызмет көрсету үшiн қайырымдылық мақсатында құрылатын, зардап шеккендерге немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету жөнiндегi қайырымдылық ұйымдар мен агенттiктер жатады. Осындай үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар рыноктық емес негiзде өздерiне мұқтаж үй шаруашылықтарына тауарлар беру немесе қызмет көрсетумен айналысады. Yй шаруашылығына қызмет ететiн осындай коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты жұртшылықтан, мемлекеттiк басқару органдарынан және резидент еместердiң трансферттерiнен түсетiн ақшалай немесе заттай нысандағы қайырмалдық есебiнен құралады (Мысалы, Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi қоғамдық қор, "Бөбек" балалар қоры).

"Үй шаруашылығы" секторы ("9" коды) жеке тұлғалардан, сондай-ақ бiрге тұратын, өздерiнiң кiрiсi мен мүлкiн (түгелдей немесе ішiнара) бiрiктiретiн және тауарлар мен қызметтiң (тұрғын үйдi, тамақ өнiмдерiн және басқасын) белгiлi бiр түрлерiн бiрге пайдаланатын жеке тұлғалардың (отбасылардың) шағын топтарынан құралатын мекемелiк бiрлiктердi бiлдiредi. Сонымен қатар осы топқа заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды жатқызуға болады.

Қазақстанның резидент еместерiнiң экономика секторларын анықтаған кезде мынадай секторларды атап көрсету маңызды болып табылады:

 "А" Халықаралық ұйымдар;
 "1" Орталық Yкiмет;
 "3" Орталық (ұлттық) банктер;
 "4" Басқа депозиттiк ұйымдар;
 "9" Yй шаруашылығы.

Басқа ұйымдарды (басқа қаржылық ұйымдарды; мемлекеттiк және мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдарды; үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдарды), сондай-ақ аталған ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн, егер экономика секторын ұйымның атауы бойынша осындай анықтау мүмкiн болмаса, "7" секторының кодын белгiлей отырып, экономиканың бiр секторына - мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдарға жатқызуға болады. Халықаралық ұйымдар мүше-мемлекеттер арасындағы саяси келiсiмдер негiзiнде құрылады.

Бұндай келiсiм халықаралық шарттың мәртебесiне ие. Халықаралық ұйымдар құрудың мақсаты осы ұйымдар мүшелерiнiң ұжымдық пайдалануы үшiн рыноктық емес қызмет көрсету және/немесе қаржылық делдалдықты жүзеге асыру немесе түрлi елдердiң кредиторлары мен заемшылары арасында қаржылық ресурстарды қайта бөлу болып табылады. Халықаралық ұйымдарға белгiлi бiр артықшылықтар мен жеңiлдiктер бекiтiледi; бұндай ұйымдарға өздерi аумағында орналасқан елдердiң заңдары мен нормалары қолданылмайды. Осыған орай, осындай мекемелер, өздерi аумағында орналасқан немесе олардың қызметi қолданылатын елдi қоса есептегенде, қандай болса да елдiң резиденттерi болып саналмайды.

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!