Введите номер документа
Прайс-лист

«Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мағыналарын және есептеу әдістемелерін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептерді беру нысандары мен мерзімін белгілеу жөнінде» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 325 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 27 ноября 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 апреля 2006

“Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мағыналарын және есептеу әдістемелерін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептерді беру нысандары мен мерзімін белгілеу жөнінде” Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 325 қаулысы

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.02. № 44 Қаулысымен күші жойылды

 

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының ережелерін, "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік тіркеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Банк топтары сақтауға міндетті мынадай пруденциалдық нормативтерді белгілесін:

жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін;

жеткілікті меншікті капиталдың коэффициентін;

меншікті капиталдың ең аз мөлшерін;

бір заемшыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерін.

2. Осы қаулыда көзделген банк топтары үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу мақсаты үшін:

банк топтарының қатысушылары ретінде банкті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, активтері банк активтерінің бір процентінен кем құралатын бағалы қағаздар тізілімі жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын қоспағанда, банктің еншілес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акциялары (қатысу үлесі) оларды өткізу сәтіне дейін кепіл шартының талаптарына сәйкес банк меншігіне өткен заңды тұлғаларды қоспағанда, банктің еншілес ұйымы болып табылатын заңды тұлғаларды түсінуге болады;

банк тобының, яғни банктің (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебін қоспағанда)), жиынтықты шоғырландырылған қаржылық есебі, сондай-ақ банк тобы қатысушыларының шоғырландырылған қаржылық есебі қолданылады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом