Введите номер документа
Прайс-лист

2004-жылдың бірінші жарты жылдығында жер заңнамасын қолдану бойынша азаматтық істер жөніндегі алқаның апелляциялық және қадағалау практикасына Шолу

Информация о документе
Датапятница, 4 марта 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 4 марта 2005

2004-жылдың бірінші жарты жылдығында жер заңнамасын қолдану бойынша азаматтық істер жөніндегі алқаның апелляциялық және қадағалау практикасына Шолу

 

Сот АК-нің 249-бабында көзделген меншiк құқығының тоқтатылу негiздерiн есепке алмай, қора-қопсыны бұзу туралы шешім шығарған, ал әкімнің істі сотта қарау кезеңінде қабылдаған шешімі оны заңсыз деп тануға негіз болмайды.

Әбдіқалықов сотқа берген талап арызында өзінің жер учаскесін пайдалануына кедергі келтірмеуі үшін Салаеваны моншаны бұзуға міндеттеуді сұраған. Салаева Қаскелең қаласы әкімінің Әбдіқалықовтың құрылысын заңдастырып, оның атына бұның жерінің есебінен қосымша жер учаскесін бекіту туралы шешімін жарамсыз деп тану туралы қарсы талап арыз берген.

Қарасай аудандық сотының 02.06.2003 -жылғы шешімімен бастапқы талап қанағаттандырылып, қарсы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.

Алматы облыстық сотының қадағалау алқасының 14.01.2004- жылғы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған осы соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының 30.07.2003 -жылғы қаулысымен қарсы талап арыз қанағаттандырылған.

Талапкер үй-жайды және жер учаскесін сатып алу - сату шартына, сондай-ақ мемлекеттік актіге сәйкес иеленгендіктен Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының 08.04.2004- жылғы қаулысымен апелляциялық және қадағалау алқаларының сот актілері жойылып, шешім өзгеріссіз қалдырылған. Ауладағы құрылыстар бөлінген жер учаскесінің шегінен шығарылмай салынған әрі әкімнің 26.10.1995- жылғы шешімімен заңдастырылған.

Салаева болса жер учаскесіне құқық белгiлеушi құжаты жоқ бола тұра моншаны өз бетімен салған.

Шешім бойынша Салаеваның үй-жайдың меншік иесі ретіндегі құқығы бұзылмаған, ал даулы қора-қопсы салынған жер учаскесінің бір бөлігінің оған тиесілі екендігі туралы дәлел жоқ.

Сонымен қатар құрылысты бұзу туралы шешім қабылдай отырып, алқа АК-нің 249-бабында көзделген меншiк құқығының тоқтатылу негiздерiн есепке алмаған.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами