Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт миннстрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінiң Археография және деректану ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 Қаулысы (2014.23.09. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 1 марта 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 20 октября 2014

«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт миннстрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінiң Археография және деректану ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 Қаулысы

(2014.23.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі Ақпарат және мұрағат комитетінiң Археография және деректану ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi шет елдерде сақтауда тұрған және Қазақстан тарихына қатысы бар құжаттар мен қолжазбаларды анықтау, жинау жөніндегі жұмыстарды әдiстемелiк қамтамасыз ету және үйлестiру, оларды археографиялық сипаттау және Қазақстан туралы шетелдiк мұрағат көздерiнiң бiрыңғай дерекқорын құру болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

5. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1003 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом