“Лицензиялар беру туралы”
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 369 бұйрығы
«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және «Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулысының 13, 14-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Тұрақты судья Ербол Серікұлы Иманқұловқа адвокаттық кызметпен айналысу құқығына лицензия берілсін.
2. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты тұрақты судья қызметінен босатылған Асхат Уағапұлы Трумовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасында судья лауазымына біліктілік емтихан тапсырған мына адамдарға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін:
Нақыпжан Ермекұлы Дүтбаевқа
Алмас Ермекұлы Дүтбаевқа
Рыскелді Ғалиақпарқызы Ыбыраеваға
Мағира Баяшқызы Қитароваға
Ерлан Темірғалиулы Қажығалиевқа
4. Прокуратура органдарында он жылдан астам прокурор болып жұмыс атқарған және адвокаттар алқасында тағлымдамадан өткен мына адамдарға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін:
Қуат Ғабдолжапарұлы Артықбаевқа
Владимир Георгиевич Бережнойға
Ғайша Ілиясқызы Құсаиноваға
5. Тергеу және анықтау органдарында он жылдан астам тергеуші және анықтаушы болып жұмыс атқарған және адвокаттар алқасында тағлымдамадан өткен мына адамдарға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін:
Жанат Бейсенбайұлы Әбсіметовқа