Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің м.а.
2004 ж. 7 тамыздағы № 671 бұйрығымен бекітілді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
Жоғары кәсіби білім. Бакалавриат
МАМАНДЫҒЫ 050301 - ЗАҢТАНУ
Ресми басылым
Енгізу күні 2004.09.01
1 Қолдану саласы
Осы стандарт 3.001-2004 ҚР МЖМБС негізінде дайындалған және 050301 - Заңтану мамандығы бойынша оқытудың несие жүйесі негізінде заңтану бакалаврлар дайындаудың деңгейіне және білім берудің мазмұнына қойылатын талаптарды анықтайды.
Оқытудың несие жүйесі негізіндегі оқыту нысаны мен құқықтық ұйымдастыру нысаны, ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, 050301 - Заңтану мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауды іске асыратын, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қолдану және сақтау үшін стандарт ережесі міндетті.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта төмендегідей нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған:
Қазақстан Республикасының 1999ж. 07 маусымдағы № 389-1 “Білім туралы” Заңы;
ҚР Үкіметінің 40.1.01-2000 Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың мемлекеттік жүйесі. Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын құру, мазмұндау, ресімдеу, баяндау және белгілеуге қойылатын талаптар;
ҚР ББЖММС 5.03.001-2004 Жоғары кәсіби білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер.
3 Анықтаулар мен қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына және 5.03.001-2004. ҚР ББЖММС сәйкес қысқартулар, терминдер және анықтаулар қолданылады.
Осы стандартқа төмендегідей терминдер мен анықтаулар енгізілген:
академиялық сағат дәрістік, тәжірибелік (семинарлық) сабақтарға 1 шартты сағат (50 минуттан) немесе лабораториялық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтарына 2 шартты сағат (100 минуттан) сондай-ақ оқу-тәжірибелерінің барлық түрлеріне 1 шартты сағат (50 минуттан) өндірістік тәжірибелердің барлық түрлеріне 5 шартты сағат (250 минут) теңестірілген.
бакалавр (Bachelor) - 4 жылдық білім бағдарламасын меңгерген тұлғаға берілетін академиялық дәреже.