Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне субсидиялар, өтем және демпингке қарсы
шаралар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2005.04.04. № 296 қаулысымен Заңның жобасы ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді
Қабылданды - 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 114-III ҚР Заңын қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1. «Демпингке қарсы шаралар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша «қалыпты бағасынан», «қалыпты баға», «қалыпты бағасын», «қалыпты бағаны», «қалыпты бағасы», «қалыпты бағасының», «қалыпты бағасына» деген сөздер «қалыпты құнынан», «қалыпты құн», «қалыпты құнын», «қалыпты құнды», «қалыпты құны», «қалыпты құнының», «қалыпты құнына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
11) тармақша «тауарды» деген сөзден кейiн «экспорттаушы елде тұтыну кезiнде осыған ұқсас тауарға белгiленетiн» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшадағы»(елу проценттен артық)»деген сөздер алынып тасталсын;
3) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Демпингке қарсы iсті қарау рәсiмiн бастау туралы шешiмдi қабылдау мақсатында және дәлелдемелердiң жеткiлiктiлiгiн айқындау үшiн уәкiлеттi орган өтiнiште ұсынылған мәлiметтердiң шынайылығы мен дәлдiгiн зерделейдi.»;
4-тармақтағы «елу проценттен астамы» деген сөздер «көбірек бөлiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-баптың 1) тармақшасындағы «бec» деген сөз «екi» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Егер уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағына сәйкес жеке мүдделi тұлғаға демпингке қарсы iстiң басталғаны туралы хабарлама жiберсе, онда ол бұл хабарламаға осы Заңның 1-бабының 7) тармақшасында көрсетілген өзге мүдделi тұлғалардың қол жеткізуiн қамтамасыз етуi тиiс.»;