Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған номиналы 50 теңге мерейтойлық монетаны және номиналы 100 теңге “рrооf” сапалы "Көне Түркістан" ескерткіш алтын монетаны айналысқа шығару туралы
Алматы | 2005 жылғы 16 сәуір |
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттык, Банкі 2005 жылғы 16 сәуірден бастап 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған номиналы 50 теңге "нейзильбер" коспасынан жасалған мерейтойлық монетаны және номиналы 100 тенге "proof" сапалы "Көне Түркістан" ескерткіш алтын монетаны айналысқа шығарады.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған номиналы 50 теңге мерейтойлық монетаның сипаттамасы:

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың оң жағы мен сол жағына ұлттык ою-өрнектің элементі салынған. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар және шығыңқы кант жүргізілген.
Монетаның сырт жағының (реверсінін) орта тұсына муар лентаның үстіне Отан соғысы ордені бейнеленген. Жоғарғы бөлігіне айналдыра мемлекеттік тілде "ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 60 ЖЫЛ", төменгі бөлігіне орыс тілінде "60 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЫ" деген жазулар және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін "1945-2005" сандары жазылған. Айналдыра шығынқы кант жүргізілген.
Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.
Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп, бедерленген.
Монета ақ тұсті "нейзильбер" қоспасынан жасалған, диаметрі — 31 мм, қалыңдығы — 2 мм, массасы — 11,17 грамм, таралымы — 50 мың дана.
"Көне “Түркістан" ескерткіш алтын монетаның сипаттамасы: