Введите номер документа
Прайс-лист

«Авиациялық отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 365 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 19 апреля 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 марта 2008

“Авиациялық отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 365 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды

 

Ел экономикасының мұқтажы үшін авиациялық отынның қажетті қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2005 жылғы 20 сәуірден бастап 20 шілде кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан авиациялық отынды:

реактивті отынды (коды ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 210 0);

басқаларын (коды ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 250 0) әкетуге тыйым салынсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан авиациялық отынды әкетуге тыйым салуды енгізгендігі туралы хабардар етсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом