Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 405 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 29 апреля 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 29 апреля 2005
Дата последнего измененияпятница, 19 августа 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 405 Қаулысы

(2022.19.08. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсiпорындар) құрылсын:

1) «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығы»;

2) «Республикалық біліктiлiктi растау және беру орталығы»;

3) «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы»;

4) «Ұлттық аккредиттеу орталығы»;

5) ҚР Үкіметінің 2014.29.12. № 1392 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi білім беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;

2) кәсiпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсiн;

3) ocы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «ҚР Үкіметінің 2022.19.08. № 581 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом