Маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстарды және
қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы № 648 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.01.02. № 81 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 3 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар мынадай тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi берушi болып белгiленсiн:
1) мемлекеттік ақпараттық жүйелердiң әлемдiк ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға бiрiгуi мақсатында олардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
2) Республика Үкіметінiң веб-порталдарын және мемлекеттік органдардың веб-сайттарын құру мен техникалық сүйемелдеу;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына бiрiктiрiлетiн мемлекеттік органдардың бағдарламалық-ақпараттық құралдарына жүйелі-техникалық қызмет көрсету, ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерi мен дерекқорларын құру мен сүйемелдеу;
4) мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi қалыптастыру, дамыту, сүйемелдеу кезiнде жобаларды ұйымдық-техникалық қолдау және басқару;
5) бiрыңғай коммуникациялық ортаны және мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстардың өзара iс-қимыл жүйесiн құру мен техникалық қолдау;