Введите номер документа
Прайс-лист

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын енгізу туралы КЕЛIСIМ (Чолпон-Ата қаласы, 2004 жылғы 16 сәуір)

Информация о документе
Датапятница, 16 апреля 2004
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 16 апреля 2004

КЕЛIСIМ

 

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы

мемлекеттердiң аумақтарында жүк көлiк құралдарын

өлшеудiң халықаралық сертификатын енгізу туралы

(Чолпон-Ата қаласы, 2004 жылғы 16 сәуiр)

 

ҚР Үкіметінің 2005.06.05. № 436 қаулысымен келісім ескертумен бекітілді

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын - осы Келісімге қатысушы мемлекеттердiң ?кіметтерi, халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы келісілген iс-қимылдардың және оларды жүзеге асыру жағдайларын бірiздендiрудiң халықаралық қатынастағы кедергілерiн жою қажеттілігiн негiзге ала отырып, 2000 жылғы 20 маусымдағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы ?кіметтерiнiң басшылары кеңесiнiң шешiмiмен бекітілген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын дамыту жөніндегі 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған iс-қимылдар бағдарламасын, 1997 жылғы 9 қазандағы Ортақ көлiктiк кеңiстiк құру қағидаттары мен ТМД қатысушы мемлекеттердiң көлiк саясаты саласындағы өзара iс-қимыл шарттары туралы келісімдi, 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы транзит тәртібі туралы келісімдi iске асыру мақсатында төмендегiлер туралы келiстi:

 

1-бап

 

Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер мынаны бiлдiредi:

халықаралық автомобиль тасымалдары- Тараптардың аумағында тiркелген көлiк құралдарымен Тараптардың ең болмағанда бірiнiң шекарасын кесiп өтiп жүктердi тасымалдау, соның iшiнде олардың аумақтары арқылы транзитпен тасымалдау;

көлiк құралы- механикалық жол көлiк құралы, сондай-ақ осындай көлiк құралымен сүйретуге арналған тiркеме немесе жартылай тiркеме;

тасымалдаушы (көлiк операторы)- тасымалдау шартына сәйкес жүк тасымалына жауап беретiн не осы тасымал үшiн үшiншi тарапты пайдаланатын тұлға;

жүк көлiк құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификаты (сертификат)- Тараптардың құзыреттi органдары уәкiлеттiк берген өлшеу станциясы беретiн көлiк құралының салмақтық параметрлерi туралы шынайы деректердi қамтитын құжат;

өлшеу станциясы- көлiк құралын өлшеудi жүргiзетiн және белгiленген үлгідегi сертификат беретiн, Тараптың құзыреттi органдары уәкiлеттiк берген өлшеу пунктi;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом