Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясы Yкіметінiң арасындағы Астрахань - Атырау автомобиль жолындағы
Қиғаш өзенi арқылы өтетін шекаралық көпiр өткелiнiң құрылысы және оны пайдалану жөніндегі бірлескен iс-қимылдар туралы
келісім
(Мәскеу қ., 2004 ж. 22 желтоқсан)
ҚР Үкіметінің 2005.16.03. № 461 қаулысымен келісім бекітілді
2005 жылғы 22 тамызда күшіне енді
Бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
екi мемлекеттің өңiрлерi арасындағы өзара алмасулар мен сауда-экономикалық байланыстар үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында,
жыл бойы сенiмдi және тұрақты қатынасты қамтамасыз ету және дамыту қажеттігінен шыға отырып,
Астрахань - Атырау автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiн жобалау, салу, пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі бірлескен iс-қимылдар туралы шешiм қабылдауды iске асыруға ниетiн бiлдiре отырып, төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келісімде:
«көпiр» терминi деп Қиғаш өзенiнің негiзгi арнасы арқылы өтетiн автожол көпiрi алынады;
«шекаралық көпiр өткелi» терминi деп автожол көпiрi, сондай-ақ оған қосалқы кiреберiстер мен шектес автомобиль жолдары ұғынылады.
2-бап
Осы Келісімдi iске асыру жөніндегі қызметтi үйлестiрудi Тараптардың уәкiлеттi органдары:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі;
Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Көлiк министрлігі жүзеге асырады.
Өздерiнiң уәкiлеттi органдары өзгерген жағдайда Тараптар бір-бірiн дипломатиялық арналар арқылы кiдiрiссiз хабардар етедi.
3-бап
Шекаралық көпiр өткелiн жобалау, салу, пайдалану және қызмет көрсету үшін жауапты органдар:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі;
Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Федералдық жол агенттiгi және Астрахань облысының әкiмшiлiгi болып табылады.
Жоғарыда аталған жауапты органдар атауларының немесе функцияларының өзгеруi туралы Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақытылы хабардар етiледi.
4-бап
1. Тараптар келесi қағидаттармен келiсті: