Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Yкіметі арасындағы
Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім
(Баку қ., 2005 жыл 24 мамыр)
2005 жылғы 13 қазанда күшіне енді
Бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі,
Қазақстан мен Әзiрбайжан халықтары арасында достық байланыстарды кеңейтуге және олардың өмiрiмен, тарихымен және мәдени мұрасымен жақсы танысуға ықпал етуге ниет бiлдiре отырып,
туризм халықтар арасындағы өзара түсiнiстiктi нығайтудың, iзге ниет бiлдiрудiң және қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды құралы болып табылатынын түсiне отырып,
халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар осы Келісімге, Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына және өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негiзiнде туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады және дамытады.
2-бап
Тараптар Қазақстанның және Әзiрбайжанның туризм саласына күрделi қаржы салуды, сондай-ақ туристерге қызмет көрсету мақсатында бiрлескен кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын туристiк ұйымдары арасында ынтымақтастық орнату және оны дамыту саласындағы өздерiнiң туризмдi басқаратын мемлекеттік органдарының қызметiн қолдайды.
3-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес және өзара негiзде екi мемлекет арасында туристiк алмасумен байланысты шекаралық, кедендiк және өзге де рәсiмдерiн оңайлатуға ұмтылады.
4-бап
Тараптар ұйымдастырылған да, жеке де туризмдi, мамандандырылған туристер топтарымен алмасуды, соның iшiнде спорттық iс-шараларға музыкалық, театрлық және фольклорлық фестивальдерге, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң ынтымақтасушы ұйымдары арасында жасалған тiкелей шарттар негiзiнде туризм мәселелерi бойынша өткiзiлетiн көрмелерге, симпозиумдерге және конгрестерге қатысу мақсатында, көтермелейдi.
5-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес: