Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 481 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 519 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 27 мая 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 ноября 2010

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 20 мамырдағы № 481 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 27 мамырдағы № 519 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Конкурстық өтiнiмнің демпингтiк бағасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 20 мамырдағы № 481 қаулысына (2005 жылғы 24 мамырдағы «Казахстанская правда» № 132-133 (24742-24743)) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Конкурстық өтiнiмнiң демпингтiк бағасын айқындау ережесінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ықтимал жеткiзушiнiң тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге (консультациялық қызметтердi; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желілiк объектiлердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарды қоспағанда) арналған конкурстық өтiнiмнiң бағасы, егер ол конкурсқа қатысу үшiн ұсынылған барлық конкурстық өтінiмдердiң орташа арифметикалық бағасынан, сондай-ақ конкурсқа қатыспайтын және осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес конкурс мәнiне ұқсас бiркелкi тауарлар, жұмыстар мен қызметтер (консультациялық қызметтердi; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желiлiк объектiлердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарды қоспағанда) бойынша баға туралы өз ақпаратын берген өзара аффилиирленбеген кемiнде үш жеке және/немесе заңды тұлғалардың бағасынан отыздан астам пайызға төмен болған жағдайда демпингтік болып танылады.»;

мынадай редакциядағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Ықтимал жеткізушінің өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желiлiк объектілердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарға берiлген конкурстық өтiнiмiнiң бағасы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген, мемлекеттік сараптамадан өткен және белгіленген тәртіппен бекітілген бағадан отыз және одан көп пайызға артық болған жағдайда демпингтік болып танылады.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом