Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 520 Қаулысы (2005.21.12. берілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датапятница, 27 мая 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 27 мая 2005

“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 520 Қаулысы

(2005.21.12. берілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

ҚР Үкіметінің 2005.21.12. № 1261 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен мынадай iс-шараларға:

қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнiң қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту мақсатында қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн пысықтау жөніндегі консалтингтiк қызметтерге ақы төлеуге;

Oracle Applications лицензияларын сатып алуға;

қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнiң штаттан тыс ажырауын, жүйенің бағдарламалық-аппарат кешенінің жаңылысуын және iстен шығуын болдырмау мақсатында үздiксiз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жабдықтар сатып алу мен орнатуға 335000000 (үш жүз отыз бес миллион) теңге бөлiнсiн.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом