Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Өтініш берушіге
қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге
лицензия беру туралы" өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы
нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 384 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі
№ 128 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006. 27.05. № 117 қаулысымен күші жойылды
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін лицензиялауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Өтініш берушіге қойылатын талаптар және банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін жүргізуге лицензия беру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы № 384 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2579 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" № 24 басылымдарында 2003 жылғы 17-30 қарашада жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3114 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 244 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: