Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 128 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығымен күші жойылды
Жазаларды орындау процесін жетілдіру және сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы № 167, 2004 жылғы 27 мамырдағы № 154, 2004 жылғы 8 маусымдағы № 173 және 2004 жылғы 24 тамыздағы № 240 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде:
10-тармақта:
9) тармақшасындағы «түрмеде ұсталатын,»деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақтың 11) тармақшасындағы «түрмелерде» деген сөзден кейін «жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде, тәртіп изоляторларында, сондай-ақ ерекше режимдегі ТМ камераларында,»деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-10-тармағымен толықтырылсын:
«12-10. Кәмелетке толмаған сотталғандарға:
1) темекі шегуге;
2) темекі өнімдерін сатып алуға және сақтауға;
3) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде өткізілетін сабақтарды және іс-шараларды, сондай-ақ қатысуы міндетті тәрбиелік іс-шараларды себепсіз босатуға тыйым салынады»;
29-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: