Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды сатуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2005 ж. 3 маусым)

Информация о документе
Датапятница, 3 июня 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 3 июня 2005

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілерiне адамдарды сатуға қарсы іс-қимыл мәселелерi
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2005.03.06. № 554 қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгізiлді

 

Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:

1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегi Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат):

1) 113-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"113-бап. Адамның органдарын және тінін алуға мәжбүр

ету немесе заңсыз алу

1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн адамның органдарын немесе тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдарына және тiнiне қатысты мәмілелер жасау, -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлі бiр қызметпен айналысу құқығын айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттер:

а) кiнәлiге дәрменсiз күйде екендігі көрiнеу адамға қатысты;

б) кәмелетке толмағанға қатысты;

в) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

д) бiрнеше рет;

e) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;

ж) айыптыға жүктiлiк жағдайы көрiнеу мәлiм әйелге қатысты;

з) алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен;

и) өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып;

к) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге тәуелдiлiгiн пайдаланып;

л) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданып, немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы жасалғанда, -

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами