Жоба
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен
Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрлігі
арасындағы Тараптарды трансшекаралық өзендердегi
табиғи апаттар туралы шұғыл хабардар ету туралы
келісім
Осы келісімге қол қою туралы ҚР Үкіметінің 2005.01.07. № 677 қаулысын қара
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрлігі,
екi мемлекет арасындағы тату көршілік және достық қатынастарды одан әрi дамыту және нығайту мақсатында,
2001 жылғы 12 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінiң арасындағы трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ережелерiне сәйкес,
бiр-бiрiне трансшекаралық өзендердегi табиғи апаттар туралы шұғыл түрде өзара хабарлауды қажет деп санай отырып,
мына төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар достық, ынтымақтастық, өзара сенiм және теңдiк негiзiнде бiр-бiрiне трансшекаралық өзендерде туындайтын табиғи апаттар туралы шұғыл түрде өзара хабарлауға келiстi.
Осы Келісім трансшекаралық өзендерде табиғи апаттар туындаған жағдайда Тараптарға шұғыл хабарлау тәртібін белгілейдi.
2-бап
Осы Келісімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
табиғи апаттар - трансшекаралық өзендердiң бассейнiнде су тасқыны мен мұздардың қатуының салдарынан олардың төменгi ағысында орналасқан Тараптардың мемлекеттеріндегі адамдардың қаза табуына әкелiп соғатын және едәуiр материалдық шығын келтiретiн апаттар мен зілзалалар;
табиғи апаттар мониторингi - су тасқыны мен мұздардың қатуын бақылау және қадағалау жөніндегі қызмет;
құзыретті органдар - осы Келісімнiң ережелерiн iске асыру үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң үкiметтерi айқындайтын органдар.
3-бап
Тараптар ынтымақтастықты мынадай салалар бойынша жүзеге асырады:
су тасқыны мен мұз қату құбылыстарына жұмыс iстеп тұрған қадағалау жөніндегі құрылыстардағы сол сәттегi техникалық деңгей жағдайында мониторинг жүргiзудi;