Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 998 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 755 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 20 июля 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 июня 2009

“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 998 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 755 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 998 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 35, 468-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау кезiндегi біліктiлiк және қосымша (арнайы) талаптарда:

2-тармақтың екiншi абзацындағы "негiзгi қызмет түрлерi," деген сөздерден кейiн "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерге тиесiлiлiгі туралы ақпарат," деген сөздермен толықтырылсын;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Байланыс саласындағы кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру шарттарында:

қазақ тілiндегi мәтiнiнде 12-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"7) лицензиаттың мәртебесiн жыл сайын растау тәртібiн;";

12-тармақ мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:

"8) абоненттер туралы қызметтiк ақпаратты мiндетті электрондық есепке алуды жүргiзу туралы талапты;

9) аппараттық-бағдарламалық құралдарды алыстан қосу мүмкiндiгi бар, бiрыңғай файлдар нысанындағы абоненттің шығу мен кіру қосылыстары туралы қызметтiк ақпаратты сақтаудың ұзақ, бiр жылға дейiн, бiрыңғай электрондық деректер банкінің болғаны туралы талапты қамтиды.";

14-тармақтағы "лицензиарды" деген сөзден кейiн "жазбаша түрде" деген сөздермен толықтырылсын;

3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Байланыс саласындағы лицензиялауға жататын қызметтер тiзбесiнде:

2-тармақта:

2) тармақшаның бiрiншi абзацынан кейiн мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

"3) байланыс саласындағы қызметпен байланысты емес, жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосылмаған және негізгi қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желiлерiн құру және пайдалану (оның iшiнде жылжымалы радио/радиотелефондық, транкингтiк және пейджингтік байланыс) бойынша.";

2) тармақшаның екiншi абзацындағы "өндiрiстiк мақсатта" деген сөздер "2) және 3) тармақшаларда көзделген жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом