"Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік
білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының
ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 22 мамырдағы № 337
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы
27 маусымдағы № 440 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 ж.21 мамырдағы № 291 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау рәсімін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 22 мамырдағы № 337 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2381 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2909 тіркелген, Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 5 маусымдағы № 518 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта және атауында "және мемлекеттік білім несиелерін беру" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау және мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерінде:
"және мемлекеттік білім несиелерін беруге", "және мемлекеттік білім несиелерін беру", "және мемлекеттік білім несиелері беріледі", "және мемлекеттік білім несиелерін бере тұра", "және мемлекеттік білім несиелері" деген сөздер атауынан және барлық мәтіннен алынып тасталсын;
8-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: