Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 756 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 20 июля 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 мая 2012

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 756 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасында көшi-қон процестерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртібінде:

4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:

«Визаның қолданылу мерзiмi шетелдiк азамат паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын аяқталуы тиiс.»;

9-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:

«Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге визаны тек Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдегі мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттi өкiлдерi бередi.»;

13-тармақта «шетелдiк азаматтар» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;

23-тармақта:

бiрiншi абзац «рұқсат беруден» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген негіздемелер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалар алынып тасталсын;

36-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Кетiру туралы шешiмдi сот қабылдайды. Бұл ретте шетелдiк азаматтарды кетiрудi ұйымдастыру үшiн қажетті мерзiмге ұстауға жол берiледi. Оларды ұстау iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде жүргізiледi.».

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом