Жоба
1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң
929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының
аумағында орналасқан объектілерi мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртібі
туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
ҚР Президентінің 2005.22.07. № 1618 Жарлығымен мақұлданды
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
1995 жылғы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын) пайдалану тәртібі туралы келісімге (бұдан әрi - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келiстi:
1. Кiрiспенiң екiншi абзацында:
"Шартты және" деген сөздер "Шартты," деген сөзбен ауыстырылсын;
"және 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясына жалға беру шартымен Полигонның онда орналасқан объектiлерiмен, жылжымалы және жылжымайтын мүлкiмен бірге жер учаскелерiн уақытша пайдалануға бередi.
2. Ресей Федерациясы 1996 жылғы 18 қазандағы Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектiлерi мен әскери алаңдарын жалдау туралы шартқа сәйкес оларды жалға алу кезеңiнде жер учаскелерiн Полигонның Ресей Федерациясының мүдделерiнде пайдаланғаны үшiн ақы төлеудi жүзеге асырады".
3. 4-баптағы "мүлiк пен жер учаскелерi" деген сөздерден кейiн "Тараптардың немесе үшiншi елдердiң заңды және жеке тұлғаларына субарендаға" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 9-бапта:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "қалпына келтiрудi және" деген сөздер алынып тасталсын;