Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең аз
резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2002 жылғы
3 тамыздағы № 300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 13 маусымдағы
№ 173 Қаулысы
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006.27.05. № 38 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы № 300 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 12 қыркүйекте № 1974 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 21 қазанда - 3 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең аз резервтік талаптар туралы ережеде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ең аз резервтік талаптардың белгілі бір күнге мөлшері резервтік талаптар нормативінің мәнін банктің осы күнге резервтік міндеттемелерінің көлеміне көбейту арқылы айқындалады.
Банктің резервтік міндеттемелері:
банктің сыртқы міндеттемелері мен сыртқы резервтік активтерінің сомалары арасындағы оң айырмасының;
банктің ішкі міндеттемелерінің сомасы ретінде есептеледі.
Сыртқы (ішкі) міндеттемелерді есептеген кезде басқа банктердің алдындағы міндеттемелер алынып тасталады.
Резервтік талаптар нормативінің мәнін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) белгілейді.
2. Банктің сыртқы міндеттемелері резидент еместердің алдында мынадай міндеттемелердің баланстық құны бойынша сомасы ретінде есептеледі: