Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Міндетті,
ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы үлгі зейнетақы шарттарын бекіту туралы»
2003 жылғы 21 сәуірдегі № 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы
№ 166 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02. № 36 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 30-баптарына сәйкес, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің айқындылық дәрежесін және оның қызмет етуінің тиімділігін арттыру, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылардың құқықтары мен міндеттерін қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі зейнетақы шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 138 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2345 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" № 12 ресми баспасөз басылымдарында 2003 жылғы 2-15 маусымда жарияланған), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 113 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2860 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 306 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3229 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшада: