Введите номер документа
Прайс-лист

«Жеңіс» ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 851 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 19 августа 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 19 августа 2005

«Жеңіс» ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік
пакетiн республикалық меншiкке қабылдау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 851 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Жеңіс» ашық акционерлік қоғамының жарияланған акцияларының жалпы санының 38 пайызы мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетi заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiкке қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi және Қарағанды облысының әкiмдiгi осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

«Қарағанды облысы» деген бөлімде:

реттік нөмiрi 751-1-жол алынып тасталсын;

көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

«Қарағанды облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 214-11-жолмен толықтырылсын:

«214-11 КPГ-000154 «Жеңiс» ААҚ»;

2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмірi 205-13-жолмен толықтырылсын:

«205-13 КРГ-000154 «Жеңiс» ААҚ»;

3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

2 «Акционерлік қоғамдар» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 66-1-жолмен толықтырылсын:

«66-1 «Жеңiс» ашық акционерлік қоғамы».

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом