Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 863 Қаулысы (2005.21.12. берілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датасреда, 24 августа 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 24 августа 2005
Дата последнего изменениясреда, 24 августа 2005

«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289
қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 863 Қаулысы

(2005.21.12. берілген өзгерістерімен)

 

"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

II "Шығындар" бөлiмiнде:

13 "Басқалар" функционалдық тобында:

09 "Басқалар" iшкi функциясында:

217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкiмшiсi бойынша:

010 "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резерві" бағдарламасында:

100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi" кiшi бағдарламасында "6599600" деген сандар "3875899" деген сандармен ауыстырылсын;

101 "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi" кiшi бағдарламасында "9159313" деген сандар "11883014" деген сандармен ауыстырылсын.

ҚР Үкіметінің 2005.21.12. № 1261 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыруға және өткiзуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 2892763000 (екі миллиард сегіз жүз тоқсан екі миллион жеті жүз алпыс үш мың) теңге бөлiнсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом