ТТК Түсіндірмелер жөніндегі
тұрақты комитет
17-ТТК
түсіндірмесі
Меншікті капитал - меншікті капиталмен
операциялар бойынша шығындар
1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған.
Сілтеме:32-“Қаржы құралдары: ақпаратты ашу және беру”ХБЕС.
МӘСЕЛЕ
1. Кәсіпорын, әдетте, не 32-ХБЕС сәйкес меншікті капиталында көрсетілген қаржы құралдарын шығаруға, не меншікті үлестік құралдарды сатып алуға байланысты түрлі шығындарды көтереді. Осы шығындардың құрамына тіркеу және басқа да міндетті алымдар, заңгерлерге, аудиторларға және басқа кәсіби консультанттарға сыйақы, сондай-ақ баспа шығындары, мөр алымдары, басқару кадрларын тартуға және басқа ресурстарды пайдалануға байланысты ішкі шығындар кіреді. Жекелеген жағдайларда қаржы делдалдары (мысалы, андеррайтерлер) өзінің сыйақысын акциялар шығарудан түсімдерден тікелей ұстайды.
2. Мәселелер:
(а) үлестік құралдарды шығаруға немесе кәсіпорынның меншікті үлестік құралдарын сатып алуға байланысты операциялар бойынша шығындарының құрамына ненің кіретіндігінен; және
(b) операциялар бойынша осындай шығындарды есепке алудың тәртібі қандай екендігінен тұрады.