ТТК Түсіндірмелер жөніндегі
тұрақты комитет
________________________
32-ТТК
Түсіндірмесі
Материалдық емес активтер веб-сайтқа
жұмсалатын шығындар
1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған.
Сілтеме: 38-«Материалдық емес активтер» ХБЕС.
МӘСЕЛЕ
1. Кәсіпорын ішкі және сыртқы пайдаланушыларға арналған өз веб-сайтын әзірлеуге байланысты ішкі шығындар жұмсауы мүмкін. Сыртқы пайдалануға арналған веб-сайтты кәсіпорын өнімі мен қызметтерін жылжыту мен жарнамалау, электрондық қызметтер көрсету және өнім мен қызметтер сату сияқты түрлі мақсаттар үшін пайдалануға болады. Ішкі пайдалануға арналған веб-сайтты компания саясатын және клиенттер туралы ақпаратты сақтау және тиісті ақпарат іздестіру үшін пайдалануға болады.
2. Веб-сайт әзірлеу кезеңдері төменде келтірілген:
(a) Жоспарлау әзірлеменің жүзеге асырылуын зерделеуді, мақсаттар мен ерекшеліктерді анықтауды, баламалар бағалауды және артықшылықтар таңдауды қамтиды.
(b) Бағдарламалық қамсыздандыруды және инфрақұрылымды әзірлеу доменді атау алынуын, аппаратты және жүйелі бағдарламалық қамсыздандырудың әзірленуін, дайын бағдарламалық қамсыздандырудың орнатылуын және сыни жүктеме режимдерінде сынақтамалауды қамтиды.
(c) Графикалық дизайн әзірлеу веб-сайт беттері безендірмесінің әзірленуін қамтиды.