Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 454 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 891 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 1 сентября 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 6 апреля 2009

«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 16 мамырдағы
№ 454 қаулысына өзгерiс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 891 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тіркегенi үшiн алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 454 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 200-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тіркегенi үшiн алым ставкаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік тiркегенi үшiн нөлдiк алым ставкасы белгiленсiн:

«1) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен мемлекеттік органдар салық салатын (жүргізетiн) жылжымайтын мүлiкке құқық ауыртпалығын;

2) республикалық меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары үшiн мемлекеттік меншiкке жатқызылған жылжымайтын мүлiкке құқықты;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген белгiлi бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде және мерзiмде жүргiзiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезеңмен тiркеу кезiндегi жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi.».

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом