«Қазақстан Республикасының жекелеген кеден органдарында тауарлардың
жекелеген санаттарын декларациялау туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы вице-министрі - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
төрағасының 2005 жылғы 5 мамырдағы № 167 бұйрығына толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті
төрағасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 286 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 қарашадағы № 344 бұйрығымен күші жойылды
Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының жекелеген кеден органдарында тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау туралы» Қаржы вице-министрі - Комитет төрағасының 2005 жылғы 5 мамырдағы № 167 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрыққа 2-қосымша:
мынадай мазмұндағы 20-43-тармақтарымен толықтырылсын:
«20. Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Әуежай - Астана» кеден бекеті.
21. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Жетісу» кеден бекеті.
22. Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Ақсу» кеден бекеті.
23. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Оба» кеден бекеті.
24. Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Ембі» кеден бекеті.
25. Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Мұғалжар» кеден бекеті.
26. Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Шұбар-Құдық» кеден бекеті.
27. Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Теңіз» кеден бекеті.
28. Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Әуежай - Атырау» кеден бекеті.