Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын
iске асыру жөнiндегі шаралар туралы»
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанда елiмiздiң демократиялық даму негiзiн құрайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің еркiн, әдiл және бәсекелi сайлауын өткізу мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабын басшылыққа ала отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектi сайлауын лайықты өткізудi және сайлау барысында Республика азаматтарының сайлау және сайлану конституциялық құқығының iске асырылуын қамтамасыз етсiн.
2. Республика Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауын толық және уақтылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
3. Республиканың Бас прокуратурасы заңнаманың сақталуын қадағалауды қатайтсын, сайлау туралы заңнаманың бұзылу фактiлерi туралы арыз-шағымдар мен өзге де өтiнiштерге жедел назар аударсын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi сайлаушылар тiзiмдерiн уақтылы жасауды және олардың дұрыстығын қамтамасыз етсiн, аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына алдағы сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелерiн шешуде барынша жәрдем көрсетсiн.