Осы редакция 2005 ж. 24 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Экономика және сауда
министрлігінің Стандарттау,
метрология және сертификаттау
жөніндегі комитетінің
төрағасының 2001 ж.
2 мамырдағы № 128 бұйрығымен
Бекітілді
Сапа саласындағы жетістіктер үшін Қазақстан
Республикасы Үкіметінің сыйлығын алуға
материалдарды сараптау және ұсыну, ресімдеу Ережесі
1. Кiрiспе
1. Осы құжат сапа саласындағы жетiстiктер үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Сыйлығын алуға (бұдан әрi - Сыйлық) материалдарды тапсыру, ресiмдеу, ұсыну және сараптау тәртібін белгiлейдi.
2. Сыйлық Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Сапа саласындағы конкурс туралы" 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысымен бекітілген "Сапа саласындағы жетiстiктер үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыйлығын беру Ережесiмен" сәйкес берiледi. Конкурстың жеңiмпазына сапа саласындағы жетiстiктер үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметі Сыйлығының символы және диплом тапсырылады.
3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер:
1) Сыйлық - сапа саласындағы жетiстiктер үшiн конкурс иегерлерiне сыйлыққа берiлетiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Сыйлығы;
2) конкурсқа қатысатындар - сапа саласындағы жетiстiктер үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыйлығын алуға конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген және белгiленген нысанда өтiнiм берген кез келген меншiктi нысандағы заңды және жеке тұлғалар бола алады;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) - мемлекеттік басқару органдарының басшылары, жетекшi ғалымдар мен мамандардың және қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң iшiнен құрылған консультациялық-кеңесшi орган.
4) Жұмысшы орган - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi жанында сапа саласындағы жетекшi ғалымдар мен мамандардан, мемлекеттік органдар өкiлдерiнен құрылған орган.
5) Сарапшылар тобы - қызметтiң әр түрлi салалары сарапшыларынан, әкiмшiлiк және қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнен құрылған.
2. Конкурсқа қатысу шарттары