Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрлігі мен Египет Араб Республикасының Сыртқы
істер министрлігі арасындағы консультациялар туралы
Xаттама
(1993 жылы 14 ақпан, Каир қ.)
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Египет Араб Республикасының Сыртқы істер министрлігі,
теңдік, біртұтас территориялық және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылық, өзара қүрметтеу мен өзара тиімді ынтымақтастық принциптерінен шығаотырып,
Біріккен Ұлттар Үйымы Жарғысына және халықаралық хұқықтың басқа да негізгі нормалары мен принциптеріне сәйкес достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
екі Тараптың арасындағы әр түрлі деңгейлердегі өзара мұдделерді білдіретін проблемалар бойынша ынтымақтастықтың, сондай-ақ БҰҰ қызметі мен өзге халықаралық ұйымдардың шеңберінде пікір алмасудың маңызын қуаттай отырып,
мына төмендөгілер жайында келісті:
І-бап
Тараптар жүйелі тұрде екі министрлік өкілдерінің арасында екі жақты қатынастарға, сондай-ақ өзара мүдделерді білдіретін аймақтық және халықаралық проблемаларға қатысы бар консультациялар өткізеді.
2-бап