«Алматы қаласында нарықта басым орын алатын,
әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерді ұсынғанда баға
келісімі мен өктемдігін жүргізетін нарық субъектілерін
анықтау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы »
Алматы қаласы әкімінің 2005 жылғы 17 тамыздағы № 135 Шешімі
Премьер-Министр Д.К.Ахметовтың басшылығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2005 жылдың 5 мамырындағы № 8 «Инфляциялық процесстерді тежеу жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» Хаттамасының 6 тармағын орындау мақсатында Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келесі құрамда Алматы қаласында нарықта басым орын алатын, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерді ұсынғанда баға келісімі мен өктемдігін жургізетін нарық субъектілерін анықтау жөніндегі жұмыс тобы құрылсын:
Бүкенов Қайрат Ахмадиұлы | Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары |
Айтаханов Ерлан Қуанышұлы | Алматы қаласының Табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры |
Васильева Лариса Александровна | Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры |
Шорманов Ербол Алімкұлұлы | Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры |
Мұқашев Мәулен Шапанбайұлы | Алматы қаласы Жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары департаментінің директоры |