Жоба
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
энергетикалық рыногын ақпараттық қамтамасыз етудiң
жалпы жүйесiн қалыптастыру туралы келісім
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 55 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң Үкiметтерi,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шарттың, Еуразия экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесiнiң 2003 жылғы 28 ақпандағы № 103 шешiмiмен бекітілген Еуразия экономикалық қоғамдастығына (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердiң энергетикалық саясаты негiздерінiң ережелерiн басшылыққа ала отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің энергетикалық рыногын (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ ЭР) қалыптастыруда және оның жұмыс iстеуiнде ақпараттық жүйе құрудың маңызды ролін ескере отырып,
энергетика мәселелерi бойынша ақпаратпен кеңiнен алмасу үшiн қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,
ЕурАзЭҚ ЭР-ды қалыптастыру үшін Тараптардың ақпараттық ресурстарын бiрлесіп пайдалану қажеттiлiгiн мойындай отырып,
төмендегілер туралы келiсті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшiн төменде санамаланған терминдер мыналарды бiлдiредi:
"ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің энергетикалық рыногын ақпараттық қамтамасыз етудiң жалпы жүйесi" (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ) - Тараптар мемлекеттерiнің аумақтарындағы энергетика бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және беру жөніндегі коммуникациялық жүйе.
ЕурАзЭҚ ЭР АҚЖЖ мыналарды қамтиды:
келісілген тiзбелер мен нысандар бойынша жинақталған және жүйелендiрiлген энергетика жөніндегі дерекқорды;
ЕурАзЭҚ ЭР-ға қатысушыларға сапалы анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетудi жүргiзуге және Тараптар арасында жедел ақпарат алмасуды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы техникалық құралдарды, коммуникацияларды, бағдарламалық қамтамасыз етудi және ақпараттық технологияларды;